Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Роботты техника (робот және техника, ағылшын тілінен аударғанда robotics–роботика), роботты техника - автоматтандырылған техникалық жүйелерін әзірлейді және өндірістің қарқынды дамуына маңызды техникалық негізі болып табылатын қолданбалы ғылым. Құрылыс, өнеркәсіп, тұтыну, авиация және төтенше (әскери, ғарыш, су асты) салаларында роботты техника бар
Робот-тірі организм принципі бойынша құрастырылған жандандырылған автомат құрылғы.Ол түрлі датчиктер (сенсорлар) арқылы ақпарат алады және өзіне жүктелген программаға сәйкес әрекет етеді. Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары ағайынды Карел және Йозеф Чапектер 1920 жылы енгізген. «Робот» сөзі чех тілінде «еріксіз еңбек ету» деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі таңда роботты қазақ тілінде «құлтемір» деп те атап жүр.
Роботтың анықтамасы.
Робот –екі немесе одан да көп ось бойынша программаланатын, белгілі бір дербестікпен жұмыс істеп, алға қойылған міндеттерді орындайтын механизм.
2019 жылы 16 сәуірде өткен Халықаралық Сколково роботтехникалық форумында әлемдік роботтехника нарығына аналатикалық талдау ұсынылды.Сол аналитикалық талдаудың ІІ бөлімінде роботтың анықтамасы мен жіктелуі келтірілген. SAT
SENSE -сенсор
ACT-әрекет
THINK-ойлау
Жеке жұмыс. «Кластер» әдісі
2-тапсырма.
Дескриптор:
-роботтың негізгі түрлерін жазады.
ҚБ: стикер /4 балл/
Жеке жұмыс. 3-тапсырма.
-Бүгінгі таңда роботтарды қай салаларда кездестіруге болады?
Дескриптор:
-роботтарды қай салаларда кездестіруге болатындығы туралы мысал келтіреді.