Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1-тапсырма
Мәтінмен жұмыс.
М.Шахановтың өмірбаянын оқуды тапсырады.
|
М.Шахановтың өмірбаянын оқиды. Сыныптастарымен пікір алмасады. Бір-біріне сқрақ қояды. Мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін толықтырады.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-мәтінді оқиды.
-талқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК
|
|
№2-тапсырма:
М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы туралы мұғалімнің көмегімен түсінгендеріңді кестеге түсіріп, айтып беріңдер.
|
Жазылым-айтылым:
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым-айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор:
Жалпы – 3 балл.
- Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.
|
|
№3-тапсырма.
М.Шахановтың өздерің білетін шығармасын жатқа айтыңдар.
|
Айтылым:
Берілген тапсырманы орындайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
|