Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Шығарманың композициялық құрылымы №11-сабақ.
Бөлім:
4 – бөлім. Ұрпақ тәрбиесі
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Шығарманың композициялық құрылымы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.1.1.1; Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
Сабақтың мақсаты:
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдаумен танысады
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.