С.Мұратбеков «Жусан иісі», повесінен үзінді. Хат тану
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
6.1.1.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;
6.2.2.1 эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтай алады.
Көпшілік оқушылар үшін: Эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтай алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.