Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
36 мин.
|
1-тапсырма. Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы шағын хабарлама дайындаңдар.
|
Айтылым.
Хабарламада жазушының өзің білетін басқа да шығармалары туралы айтып береді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Хабарламада жазушының өзің білетін басқа да шығармалары туралы айтып береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
2-тапсырма. Әңгіменің толық мәтінін хрестоматиядан оқыңдар
|
Жазылым. Топқа бөлініп әнгіменің үзіндісін дәптерге жазады. Сұрақтарға жауап береді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
- Топқа бөлініп әнгіменің үзіндісін дәптерге жазады. Сұрақтарға жауап береді
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
3-тапсырма.
Не себепті әңгіме «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталған?
|
Айтылым.
Әңгімені басқаша қалай атауға болатындығы туралы өз ойларын айтады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
|