Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.М.Шетеева
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Алаш ұраны» өлеңі
Бөлім:
3 – бөлім. Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Педагогтің аты-жөні:
С.О.Байканова
Күні:
10.01.2023 ж
Сыныбы:6 Әдебиет
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
С.Торайғыров «Алаш ұраны» өлеңі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;
6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
Сабақтың мақсаты:
Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды.
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады;
Сабақ критерийлері:
-тіл көркемдігі;
-ойын нақты , дәлелдермен жеткізе алуы;
-топ мүшелерінің белсенділігі;
-өзіндік ой қорытындысы;
-шығарманы түсінуі;
- ұйқас, тармақ, бунақ, буынды таба білуі;
троп түрлеріне ажырата білуі;.