Сабақтың тақырыбы Сабақ тақырыбы: №65 -сабақ. Морфология әлеміне саяхат



бет18/44
Дата20.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#109193
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Байланысты:
Қазақ тілі 3 т ҚМЖ 130 бұйрық 4 сынып 2

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың
тақырыбы

Сабақ тақырыбы: №80 -сабақ. Бақылау мазмұндамасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.2.1 – мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Зерттейік
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)


Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.



Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.







ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.

Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.



Ортасы

(Ө,Т) Мәтіналды тапсырма: «Еркін жазу» әдісі.
Жаңа тақырып туралы білетін мәліметтерін жазу.
Топта идея алмасып, мәліметтерін толықтыру.
Бақылау мазмұндамасын өткізу.
Жазба жұмысына дайындық жұмыстарын жүргізу
1. Суретпен жұмыс. Берілген сурет бойынша көктем мезгілі жайлы әңгіме жүргізу.
- Бұл қай жыл мезгілі? Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Құстар қалай, қайдан ұшып келеді?
- Жыл құстары деп қандай құстарды айтамыз?
- Отырықшы құстар деген ше?
- Көктемде ең алғаш қандай құс ұшып келеді?
- Мынау қандай құс? (қараторғай) т. б. сұрақтар арқылы әңгімелесу.
Бүгінгі жазба жұмысымыз осы қараторғай туралы болады. Қараторғайды сипаттау.
2. Мазмұндаманы екі рет мәнерлеп оқу, мазмұнын талдау.
Балапан мен мысық
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде аш балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Ол қолына шыбық ала салып мысықты біраз жерге дейін қуып тастады. Жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат - шадыман болып әсем әуенге басты.
3. Мәтін мазмұнын 2 - 3 оқушыға айтқызу. Сөздік жұмысын жүргізу.
4. Сұрақтар қою, әңгімедегі негізгі ойды тапқызу.
- Көктемнің қай айы туды? Балалар не жасады?
- Кім құстарға ұя дайындады?
- Ұяда неше балапан пайда болды? Аш балапан қайтті?
- Не балапанға жақындай түсті?
- Қараторғайлар қайтті? Олар кімнен көмек сұрағандай болды?
- Асан не істеді?
5. Мәтінге жоспар құру
Жоспар:
1. Ұя жасау
2. Балапанға төнген қауіп
3. Араша түскен Асан
Тіректі сөздер мен сөз тіркестерін жазу: аш балапан, шыбық, шат - шадыман, әсем әуенге
Дескрипторы:
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі.
«Сия жұмсаушы» тәсілі бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Бір минуттың ішінде мүмкіндігінше көбірек тақырыпты ашатын сөздерін жазып шығу.

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.


Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау





ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқылым, жазылым тапсырмалары.



Соңы

Тақырып бойынша мәтін құрастыру. Сызба арқылы әңгімелеу мәтінінің бөліктерін табу.




Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.



ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау



Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

БББ кестесі



Білгенім

Білдім

Білгім келеді












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет