Сұрақтар жаңбыры «Ж Баласағұн – Қарабура» бейнематериалынан үзінді тамашалап, пайымдау және талдау сұрақтарын құрастырып, жауап беріңіз. Сұрақ үлгілері: Жүсіп Баласағұн кім? Орта ғасырда бір кезеңде өмір сүрген тұлғалар туралы не айтасыз? Қарабура хан,Қожа Ахмет Йасауи және Жүсіп Баласағұн несімен мүдделес? Жүсіптің білім алып, рухани дамуына не ықпал етті? Баласағұн қаласы несімен ерекшеленеді? Көшпенділер арасында ілім-білімге бетбұрыс кезеңдерінің дамуының белгісі қалай айқындалды? Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау 1-тапсырма. Талдап білу Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанынан үзінділерді, А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба», Ш.Құдайбердиевтің «Адамдық борышың» өлеңдерін кезекпен дауыстап оқып және бір- біріңіздің оқығаныңызға қысқаша сипаттама беріңіз. Талқылаушы - шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып талқылайды. Белгілеуші – шығармалардың тарихи құндылығы бойынша сұрақ дайындайды. Байланыстырушы- шығармалардан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады. Топ шешені- шығармалар мазмұнына сәйкес елдік,ерлік туралы мақал-мәтел айтады. Қорытындылаушы- Ж.Баласағұн, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев шығармаларының тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді. 3-тапсырма. Бұрыш Бөлме қабырғаларында ілініп тұрған «Құтты білік» дастанының тарихи және көркемдік құндылығына қатысты тұжырымдарды аралап оқыңыз. Өздерің талқылауға лайықты деп тапқан тұжырым тұсында қалып, сыныптастарыңызбен топтасыңыз. Өздерің таңдаған тұжырым бойынша «Құтты білік» дастанының тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, талдау жүргізіңіз. 3-тапсырма. Бұрыш 1-бұрыш: Шығыс зерттеушісі В.В. Бартольд Жүсіп Баласағұн дастанына көңіл бөліп, оның маңызын ерекші атаған. Онда парсының дидактикалық әдебиетінің әсері бар және автор жергілікті түрік халықтарының нақыл сөздерін, ауыз әдебиетінің образдарын жақсы пайдаланған деп көрсетті. 2-бұрыш: Ескерткіштің тілі турасында да Бертельс өз пікірін айқан. «Құтты білік» дастанын зерттеуші ғалымдар оның тілін шартты түрде ұйғыр тілі деп атап жүр. Дұрысы, оның тілі түрік тілдерінің шығыс тобына жатады, яғни қазіргі өзбек, қазақ, қырғыз тілдеріне жақындығы бар, бірақ түрікмен және азербайжан тілдеріне жақын емес дейді зерттеуші. 3-бұрыш: «Құтты білік»дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Жүсіп әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. 4-бұрыш: Жүсіп әсіресе халық ауыз әдебиеті үлгілерін барынша мол пайдаланғаны дастандағы кісі аттары, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздерден де көрінеді. Мысалға алар болсақ: қазақтың «Сөздің көркі – мақал», «Ауру қалса де, әдет қалмайды», «Қартайғанда дәулет бер, жастығымда бейнет бер», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» деген секілді мақал-мәтелдердің арғы төркіні тым алыста жатқандығынан хабар береді. Топтық бағалау Рефлексия. ПОПС формуласы Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы үлкен бір кезеңді сан қырынан танытатын бірегей бітімді туынды,-деген тұжырымға «ПОПС формуласы» бойынша қорытынды жасаңыз. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен ... қорытынды шешімге келдім. Үй тапсырмасы Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанына қатысты қосымша ақапараттармен жұмыс жасаңыз.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу