1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология



бет1/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология
Дәрігер ертеден бері келе жатқан науқасқа қиын жағдайда қамқорлық жасап, көмек беретін ұлы тұлға болып табылады. Оның бейнесі біздің жадымызда науқасқа ешқандай зиян келтірмейтін, әр қашан көмек беруге дайын, қамқорлық, мейрімділік танытатын жан ретінде қалыптасқан. Дәрігердің адамгершіліқ қасиеті оның кәсіби шеберлігінің дамуына үлкен ықпалын тигізеді.
Кәсіби этика дегеніміз кәсіби қызметкерлердің жұмыс істеу барысында көрсететін мінез құлық қағидалары. Ол дәрігер мен науқастың арасындағы тиімді қарым қатынасты орнатып, науқастың емін нәтижелі етуге көмегін тигізеді.
Ал деонтология дегеніміз медицина қызметкерлерінің өзінің қызметін орындау кезінде қолданылатын этиканың бір бөлігі. Медициналық қызметкерлер науқастармен немесе олардың туыстарымен қарым қатынас жасау кезінде деонтологияның принциптерін ұстану қажет. Оның принциптеріне келетін болсақ алдымен дәрігер науқастың абыройын құрметтеу керек. Себебі науқастың абыройын құрметтемеу медициналық қызметкерлердің кәсіби этикасын төмендетіп қана қоймай оның жауапкершілігінің төмен екендігін көрсетеді. Екінші Гиппократтың антында айтылғандай науқасқа қандай жағдай болмасын зиян келтіруге болмайды. Келесі дәрігерлер науқастарға әрдайым жақсылық жасауға дайын болып, ауруын жазу үшін және оны алдын алу үшін қолынан келгенін жасау керек. Сонымен қатар барлық дәрігерлердің бойында мейрімділік, қамқорлық, адамгершілік, әділдік қасиеттері болу керек. Бұл қасиеттер науқаспан жақсы қарым қатынас жасап, тиімді нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Дәрігерлер қандай жағдай болмасын медициналық құпияны қатаң сақтау керек. Сонымен қатар дәрігерлер науқастардың ұлтына, діни көзқарастарына, жынысына, нәсіліне қарамай барлығына бірдей көмектесуі керек.
Деонтологияның негізгі үш бағыты ажыратылады, олар:
Медициналық қызметкер – пациент;
Медициналық қызметкер – пациенттің туған-туыстары;
Медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
Дәрігерлер науқастардың туыстарымен жақсы қарым қатынаста болу керек. Оларға қайғылы хабар жеткізерде сақ болып, барынша қолдау көрсету керек. Сонымен қатар медициналық қызметкерлердің арасындағы қарым қатынаста жақсы болу керек. Себебі бұл дәрігер жұмысына үлкен ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет