Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Дыбыс машықтандыру. [ Ш] дыбысы



Дата22.08.2023
өлшемі492,74 Kb.
#105461
түріСабақ



Есенкулова Молдир


Жаңақорған ауданы
С.Сапарбеков атындағы № 125 мектептің логопед
маманы


Сабақтың тақырыбы:


Сабақтың мақсаты:



Дыбыс машықтандыру. [Ш] дыбысы
Білімділік: қойылған дыбысты «Ш» дыбысын буында машықтандыруға үйрету.
Түзетушілік: - тілді төменгі қалыпқа ұстауға дағдыландыру;
- бағытталған күшті ауа ағымын қалыптастыру;
- фонематикалық талдауды дамыту,
- фонематикалық қабылдауды дамыту;
- артикуляциялық моториканы дамыту;
Тәрбиелік: өзін- өзі қадағалауға, өзіне баға беруге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

Сабақ
тың кезеңі

Логопедтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ
тың басы
Кіріспе кезеңі


Сабақ
тың ортасы
Жаңа сабақ

Сабақ
тың соңы
Бағалау


Үйге тапсырма



Қайырлы күн, балақай!
Бүгінгі тақырыбымызды талқыламас бұрын, бір шумақ өлең жолдарын оқып берейін, сіздер қандай дыбыс туралы айтқанымды шешесіздер!

Ұшағым бар ойыншық,


Ұшырсамда ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
1.Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
Бір - бірімізге күннің жылуын үрейік.
-деп оқушылармен сәлемдесу,

Жұмбақ шешу:


Қыста үйге кірмейді
Көктем шықса жүрмейді (Шана)
— Шана деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
— Дұрыс айтасыңдар, «Ш» дыбысы
Бүгінгі тақырыбымыз «Ш» дыбысын буында машықтандыру.
2.Тыныс алу жаттығулары.

  1. «Жапырақтарды ұшыр»

Шарты: Мұрынмен терең дем алып, ауызбен дем шығару арқылы кішкентай жапырақтарды үрлеп ұшыру.





3. Артикуляциялық жаттығулар.
«Сағат», «Тіс тазалау», «Алтыбақан», «Тәтті тосап», «Кесе».


«Ш» дыбысының жасалу жолы. «Ш» дыбысын дыбыстаған кезде, ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді. Тілдің ұшы үстіге қарай көтеріледі. Алақанды ауызға жақындатканында жылы дем сезіледі.
4. «Ш» дыбысын буында машықтандыру.
Ш дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқимыз.
ША-ША-ША Шана
ШО-ШО-ШО Шопан
ШЕ-ШЕ-ШЕ-Шеге
ШЫ-ШЫ-ШЫ ШЫБЫН
ШУ-ШУ-ШУ ШУАҚ
5 Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойын.
Бұл –Айша. Айша бізге
«Жоғалған дыбысты тап» деп аталатын ойын дайындап қойыпты.
Мен қазір сөздің бір дыбысын түсіріп оқимын, сен жоғалған дыбысты айтып, сол сөзді төмендегі суреттертен көрсетуің керек.
...өп, ...ыбын, ...еге, ...егіртке, ...ахмат, ...албар, ...алғам, ...абадан, ...ие


5.Сергіту сәті. «Буындарды ұйқастыр»
Ша-ша-ша – Біздің апай тамаша
Шу-шу-шу- ұшақпенен ұшу
Шы-шы-шы- Менің атам қойшы
Аш-аш-аш- Жайқалып тұр ағаш
Үш-үш-үш бойға жинап күш
Ыш-ыш-ыш-шуламаңдар тыныш

-Бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатыстың.


-Жарайсың.



-Үйден буын ұйқас құрап келеміз





Оқушының назарын сабаққа аудару.

Оқушылар қайталайды.


Ш дыбысы
-шана


Логопед нұсқаулығымен тыныс алу жаттығуын орындау.


Логопед нұсқаулығымен артикуляциялық жаттығуды орындау.

Буында машықтандыруды қайталап айту.

Оқушылар жоғалған дыбысты тауып сөздерді оқиды.


Шөп,шыбын,шеге, шегіртке, шахмат,


Шалбар,шалғам,
шабадан,шие

Буындарды ұйқастырып оқиды

































Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет