Бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Мұғалім: 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк
Сандуғаш:
Ауғанстан ... Біз ол туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл - ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті.Бірақ бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің арқа сүйер бауырын жұлып әкетерін кім білген?!
Тұрсынбек:
Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.