Тақырып: Ауғаныстан- журектегі жара
Тәрбие сағаты: 09.02.2022
Сынып: 6 «Ә»
Жауапты: С.А.Ибраева
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: еске алу сабағы
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.
Сабақ бағдарламасы:
Кіріспе
Ауғанстан соғысы тарихы туралы бейне баян
Майданда туған жыр
Қорытынды
Жүргізуші:
Соғыс жан алып – жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33жыл толуына байланысты
«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүгізуші:
1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді??? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Жүргізуші:__Ауған_соғысы'>Жүргізуші:
Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.
Жүргізуші:
«Ауған соғысы» туралы қысқаша бейне баян. (3:17)
https://youtu.be/R15g-yCkP_Q
Жүргізуші: Сұрақтар
КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан қашан өтіп және қай кезенге деін болды?
Қазақстанның қанша жауымгері Ауған жеріне аттанып, борышын атқарды?
Қанша жауынгеріміз қаза тауып?
Ауған соғысында қаза тапқан азаматтарды еске алу күні
Қанша қазақстандық ардагерлер ортмызда жүр?
Ауған соғысының себебі?
Жүргізуші:
Ауған соғысы 3341 күнге созылды және аяқталуы шектеулі контингенттің шығарылуының ресми аяқталу күні болып саналады, 1989 жылдың 15 ақпаны. 40-армия, яғни Ауғанстандағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті жауынгерлерінің батылдығы мен қаһармандығы мына фактілермен дәлелденеді: шектеулі контингент құрамындағы қызмет жылдарында 200 мыңнан астам жауынгер, прапорщик. және офицерлер ордендермен және медальдармен марапатталды, 72 әскери қызметкер Кеңес Одағының Батыры жоғары атақтарына ие болды, 25 солдат пен офицер бұл атақты қайтыс болғаннан кейін алды.
Жүргізуші:
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.
Рахмет отырыңыздар!
Жүргізуші:
Ардагерлер
Айтса ертек көгендері
Тайбандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері.
Жүргізуші
Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.
Оқушы №1
Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғым да сен мәңгілік- Ауғаныстан!
Оқушы №2
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Оқушы №3
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Жүргізуші
Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот азаматтарымыз.
Жүргізуші
О, олардың көз жасының татымын
Татып көрсен ойланар ең пақырым
Халық болып ешқашанда оңбайды
Жылатқан ел ақыны мен батырын
Жүргізуші
Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр. (3:05)
https://youtu.be/gBYBnUviaYg
Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |