Күні: 10.02.2016ж
Пәні: математика
Сыныбы: 6«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан аралықтарын түсіндіру.Сан аралықтарын есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелік : Оқушыларды сыныпта тыныш отыруға,ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұйымшылдыққа , белсенділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың математикалық қабілетін шыңдау, есептер шығартып білімін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Үй жұмысын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, жаңа тақырыпқа есептер шығарту .
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу
б) оқушыларды түгендеу;
в) оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
II. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген есепті тексеру, сол бойынша бағалау.
III. Негізгі бөлім.
Координаталық түзуде a және b сандарына сәйкес нүктелерді белгілейік (1 – сурет).
Координаталық түзудегі a және b сандарына сәйкес нүктелердің аралығы a және b сандарының аралығын кескіндейді.
сан аралығы
///////////////////////////////////////////////////////////////////
Санд теңсіздіктердің шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуды үйренейік.
1.2<х<7 теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілеуді қарастырайық.
Берілген 2<х<7 теңсіздігінің шешімдерінің жиыны координаталық түзуде координаталары 2 және 7 болатын нүктелердің арасында кескінделетін (2 – сурет) сандар аралығы.
Мұны 2 – ден 7 – ге дейінгі сан аралығы немесе интервал деп атайды. Белгіленуі: (2;7). Оқылуы:2 –ден 7- ге дейінгі аралық. 2<х<7 теңсіздігі қатаң қос теңсіздік болғандықтан, оның шешімдер жиынына координаталары 2 және 7 болатын нүктелер енбейді.
2.-4 қатаң емес қос теңсіздігінің шешімдер жиынын сан аралығымен кескіндеуді қарастырайық.
-4 теңсіздігінің шешімдер жиыны координаталық түзу бойындағы -4 және 3 сандары қоса алынған -4 пен 3 сандарының аралығы (3 - сурет).
Координаталық түзуде сан аралығына енетін нүкте кішкене дөңгелекпен кескінделген. Мұндай -4 теңсіздігін қанағаттандыратынсан аралығын кесінді деп атайды. Белгіленуі: [-4;3]. Оқылуы: «-4 саны мен 3 саны қоса алынған 4-тен 3 –ке дейінгі аралық».
3. теңсіздігінің шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілейік. Берілген теңсіздіктің шешімдерінің жиыны координаталық түзуде -2 саны қоса алынған 4 – ке дейінгі сандар аралығы.
теңсіздігінің шешімдер жиынына -2 саны енеді,бірақ 4 саны енбейді. Мұндай теңсіздікті қанағаттандыратын сан аралығы жартылай интервал деп аталады. Белгіленуі: [-2;4). Оқылуы «-2 саны қоса алынған -2 – ден 4 –ке дейінгі аралық».
4. теңсіздігі шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілейік. теңсіздігі қатаң емес теңсіздік болғандықтан , оның шешімдер жиыны координаталық түзуде басы координатасы 8-ге тең нүкте болатын сәулемен кескінделетін сандар аралығы.
Мұндай теңсіздікті қанағаттандыратын сан аралығын сәуле деп атайды. Жазылуы: [8;+).
Оқылуы: «8 саны қоса алынған 8 –ден плюс шексіздікке дейінгі аралық». Мұндағы
-шексіздіктің белгіленуі.
5. х<5 теңсіздігінің шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілейік.
х<5 теңсіздігінің шешімдер жиыны минус шексіздіктен 5 –ке дейінгі сандар аралығы. 5 саны теңсіздік шешіміне енбейді. Сондықтан мұндай сан аралығын ашық сәуле деп атайды.
х<5 теңсіздігінің шешімдер жиынының сан аралығында белгіленуі: (). Оқылуы «минус шексіздіктен 5 –ке дейінгі аралық».
Координаталық түзудегі барлық нүктелерге сәйкес сандар жиынын кесіндейтін сан аралығының белгіленуі: (). Мұны сан түзуі деп атайды.
IV. Сергіту сәті. Интербелсенді тақтадан слайд арқылы видеоролик көрсетіледі.
V. Оқулықпен жұмыс. №991,№992,№993,№994,№995
№991.Сан аралығын координаталық түзуде кескіндеңдер:
1) [3;5]; 3)[-5;0]; 5) (- ;-4]; 7) (-);
2)(-1;8]; 4)(0;8); 6)[-9; +); 8) (-5; +).
№993. Мына теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығымен жазыңдар:
1) x>7,5; 3)m-3; 5)x<-1; 7) m;
2) y<3; 4)m 6) y>5; 8) m
№994.Берілген сан аралықтарының тиісті атауларын (интервал, кесінді, сәуле, жартылай интервал) жазып, кестені толтырыңдар:
Сан аралығының белгіленуі
|
(-;3]
|
[-3;2]
|
(-7;0)
|
[-4;2)
|
Сан аралығының аталуы
|
сәуле
|
кесінді
|
интервал
|
Жартылай интервал
|
№995. 1) (-3;2); 2) [-5;1]; 3) [-2;2]; 4) [-6;1]
Сан аралықтарына тиісті бүтін сандарды жазыңдар.
Қосымша есептер: №998, №999.
VI. Бағалау. Оқушыларды есеп шығарғанына , сабаққа қатысқанына қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасына есептер беріледі.5>5>5>7>7>7>
Достарыңызбен бөлісу: |