Сабақтың тақырыбы: Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері



бет2/4
Дата12.12.2022
өлшемі3,38 Mb.
#56780
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1.12.22

Бағалау критерийі:Білім алушы

  • Ұқсас үшбұрыштардың қасиеттерін, ұқсастық коэффиценттерін анықтайды;

  • Үшбұрыштың ұқсастығының белгілерін ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну
1­Белгі: Егер үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі бұрышына тең болса, онда үшбұрыштар ұқсас болады;

2­Белгі. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі 
қабырғасына пропорционал және арасындағы бұрыштары тең болса, онда бұл үшбұрыштар ұқсас болады;

3­Белгі: Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырығасына пропорционал болса, онда бұл үшбұрыштар ұқсас болады.

ҚБ: «+», «-», «қызықты» әдісі арқылы топтағы оқушылар жұптасып бірін-бірі бағалайды.
«+» сәтті, пайдалы болған жәйттер;
«-»- сәтсіз, пайдасыз болған жәйттер; «қызықты» - мен үшін қызықты болған жәйттер.

Оқулықпен жұмыс.


Жұптық жұмыс
А)Қабырғалары 0,8 м, 1,2 м және 2м болатын үшбұрышқа ұқсас болып келетін үшбұрыштың периметрі 5,5 м. Екінші үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Жауабы: P=0,8м+1,2м+2м=4м
5,5м:4м=1,375м
1,375м*0,8м=1,1м
1,375м*1,2м=1,65м
1,375м*2м=2,75м
Ә) Қабырғалары 2,5см, 4,5 см, 5см болатын үшбұрыш берілген. Бұған ұқсас үшбұрыштың үлкен қабырғасы 6 см. Екінші үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Жауабы: P=2,5м+4,5м+5м=12м
6м:5м=1,2м
1,2м*2,5м=3м
1,2м*4,5м=5,4м
1,2м*5м=6м
Б) Қабырғалары 7см, 4 см, 5,6см болатын үшбұрыш берілген. Бұған ұқсас үшбұрыштың бір қабырғасы 12см. Екінші үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Жауабы:
12:4=3
3*5,6=16,8
3*7=21
21+16,8+12=49,8

Оқушылар жеке жұмыс тапсырмаларын орындайды

Оқушылар А және В таңдайды.Жұптасып есеп шығарады. А жазады, В түсіндіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет