Сабақты қорытындылау
Кері байланыс «Тазалық» әдісі бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыптан алғандарын ой елегінен өткізеді
Еттартқыш- алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін.
Чемодан- алған білімім болашақта қажет.
Қоқыс жәшігі-алған білімімді қажет етпеймін.
Адамгершілік, Отансүйгіштік құндылықтары қалыптасады.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Ой қозғау: 1. Сыныпта неге көгілдір жалаушалар қойылған?
Тақырыпқа қарап сабақ не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
Мағынаны тану: Интерактивті тақтада слайд арқылы тәуелсіз Қазақстан жетістіктеріне саяхат жасау: «Әлем таныған Қазақстан».
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
Сабақтың ортасы
Сұрақ – жауап
« Отан туралы не білдіңдер?»
– Туған жеріңнің дәрежесі қандай болуы керек?
– Отаныңа, еліңе, жеріңе қандай адам болуың керек?
– Осы нақыл сөздерден қандай мақал- мәтелді естідіңдер?
3. “Қазақстанды білесің бе?” викториналық сұрақтар
Қазақ хандығы құрылғанына неше жыл?
Көшпелі қазақ халқының тұрғын үйі ?
Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы ?
ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;
Туған жерін, елін жақсы көретін адам ? (Патриот)
Презентация көрсетіледі. (Мазмұнын ашу) Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымызды қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық деп айтым келеді .
Ой тастау:
“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны
– Сендер тұрып жатқан Шығыс Қазақстан жері қандай ағашпен бай ?
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркеюіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің?» ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге ақ қайын ағашын дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді?
– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын сурет салу арқылы айтыңдар. Мысалы: әдемі үй салу…).
( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)
Жақсылық –рефлексия. (Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда көк түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
–Жіп қалай қозғалды?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсетумақсатында үлестірме материал беріледі
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. . Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.