10 -56 сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
10.3А Электр және магнетизм – электр тогы
|
Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қ.
|
Күні: _______________________
|
Мұғалім: Овчинникова Л.П., Саткенов Е.Ш., Bualan Ian Rory
|
Сынып: 10 ____
|
қатысқандар: ______
|
қатыспағандар: ____
|
Сабақ тақырыбы
|
Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Индуктивтілік.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.4.6.9 - электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
10.4.5.2 – электромагниттік индукция заңын есеп шығаруда қолдану.
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылар /Students will:
- электромагниттік индукция заңының тұжырымдамасын атайды;
- Ленц заңын есеп шығаруда қолдануын түсіндіреді;
- өздік индукция құбылысын түсіндіру;
- «индуктивтілік»физикалық шамаға сипаттама беру;
- электромагниттік индукция заңын есеп шығаруда қолдану.
|
Жетістік критерийлері
|
Оқушылар :
- электромагниттік индукция заңының тұжырымдамасын атай алады
- Ленц заңын есеп шығаруда қолдануын түсіндіреді;
- өздік индукция құбылысын түсіндіреді;
- «индуктивтілік»физикалық шамаға сипаттама береді;
- электромагниттік индукция заңын есеп шығаруда қолданады.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар өз ойларын дамыта отырып, не білетінін ауызша және жазбаша талқылай алады.
Ленц заңын есеп шығаруда қолдануын түсіндіру; өздік индукция құбылысын түсіндіреді (сөйлеу дағдысы)
Арнайы пәндік лексика және терминология /Vocabulary and terminology specific to the subject:
Магнит ағыны, индукцияның ЭҚК-і, индукциялық ток, магнит ағынының өзгерісі, катушканың орам саны, индуктивтілік, өздік индукция.
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер /A series of useful phrases for dialogue :
Электромагниттік индукция заңы бойынша …
Ленц ережесі негізінде …
|
Құндылықтарды дамыту
(жаһандық азаматтықтың маңызды белгілері) (АЖ)
|
Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау
АЖ білу және түсіну: қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас
|
Достарыңызбен бөлісу: |