(№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген сызықтарды бастыру арқылы оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстай білу, ұқыпты бастыру дағдыларын дамытуға көңіл бөледі.
2-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады.
Ең алдымен оқушылардың назарын суретке аударады, содан кейін тыңдалым тапсырмасының орындалуы түсіндіріледі (1.1.2).
Мұнда оқушылар тыңдаған сөзді түсінуі, түсінгенін белгі қою арқылы көрсете білуге дағдыланады.
Мұғалім дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы мұғалім оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді.
АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
|
Тыңдаған, үйренген амандасу үлгілерін сыныптағы оқушылармен және мұғаліммен амандасу арқылы тәжірибеден өткізеді. Сондай-ақ осы тапсырмада берілген әртүрлі жастағы адамдармен (1-тапсырмадағы суреттер бойынша) амандасу арқылы да амандасу үлгілерін есте сақтауға тырысады.
2-тапсырмадағы сурет бойынша жұлдыз, ай, гүлдің суретіне назар аударады, олардың адам есімдерінде кездесетінін есте сақтайды. «Менің атым – ...» деген құрылымды тыңдайды, қайталайды.
Оқушы мұғалім лақтырған допты ұстап, мұғалімнің сұрағына жауап береді. Допты қайтадан мұғалімге лақтырады.
3-тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады.
Әр оқушы өз жұбымен амандасады, атын сұрайды. Содан кейін ішкі шеңбердегі оқушылар жылжиды. Оқушылар бірыңғай жылжу үшін, мұғалім шапалақтау арқылы белгі беріп отыруына болады.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада сызықтарды ұқыпты бастырады.
2-тапсырмада оқушылар аудиодиск бойынша жұлдыз, гүл сөздерін тыңдайды, сөзді дұрыс түсінгенін дәптердегі жұлдыз бен гүлдің суретінің қасына белгі () қою арқылы көрсетеді.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
|
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі беру» әдісі бойынша бағаланады.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою арқылы бағаланады
|