Сабақтың ортасы
|
Мұғалім оқулықтағы 1-тапсырма бойынша оқушылардың назарын алғашқыда екі баланың, содан кейін бала мен үлкен адамның амандасу үлгісіне аударады, амандасу үлгісімен таныстырады. Оқушылардың сөздерді дұрыс дыбыстауына ерекше назар аударады. Оқушыларды тапсырмадағы суретпен таныстырады. «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін аудиодиск арқылы (1.1.1) тыңдатады, хормен және жекежеке қайталатады.
Мұғалім 2-тапсырма бойынша оқушыларға танысу үлгісін тыңдатады, қайталату арқылы «Сенің атың кім?» деген сұрақпен және «Менің атым – ...» деген жауап үлгісімен таныстырады (1.1.2). Оқушылар сурет бойынша Жұлдыз, Айгүл деген қыз аттарының шығуы туралы да ақпарат алады. Мұғалім оқушыларға қыздардың аты жұлдыз, ай, гүл сөздерімен байланысты екенін түсіндіреді.
Мұғалім |