Сабақтың тақырыбы Сәлем!Сенің атың кім



бет105/164
Дата15.11.2023
өлшемі20,23 Mb.
#123915
түріСабақ
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164
Байланысты:
1 сынып. ҚМЖ барлығы

Сабақтың соңы( 41-45мин)

Карточкалар үлестіру, берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материалды меңгергендерін тексеру.
Мәтінмен жұмыс.
Өлең шумақтарын топтарға бөліп, әр топ өз сөздерімен түсіндіреді
І - топ
Кейбіреулер қомсынады домбыраны,
Ондайлар бізді қайтып оңдырады.
Білмеймін теңі бар ма бағалы да,
Домбыра – ата көзі, баба мұра.
Тербеліп кетсе ішектер, теріп перне,
Теңіз күй төгілгендей шанағына.


ІІ топ
Жаралып күн қызулы құштарлықтан,
Домбыра жан жүректі құшқандықтан.
Құлпырып мың бояумен құйқылжыған,
Күй сазын құмар бұлбұл құстар да ұққан


ІІІ - топ
Домбыра – қаз
Ақ жаны, мөлдір әні...
Кімдер ол қомсынатын домбыраны?!
Арманын әз халықтың ғасырларға
Жеткізген дүлдүл қайда болдырады?!


- Небір қуанышты, қайғылы, мұңды оқиғаны домбырамен жеткізген.
- Домбыраның шығуы мен құрылысына байланысты аңыздар бар. Кім біледі?
Топтық жұмыс
І топ
Өзіңе қандай күйлер ұнайды?
ІІ топ
Домбыраны қолына алып ән айтатын қандай әншілерді білесің?
Мейрамбек Беспаев, Мақпал Жүнісова, Жанар Айжанова және т. б. әншілердің өлеңдерін тыңдата отырып орындаушы кім екенін таптыру.
ІІІ топ
Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?
Үй тапсырмасын тексеру.
"Домбыра" мәтінін мәнерлеп оқу.
"Қазақ күйлері мен күйшілері “туралы кітапша жасау. (Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет