Сабақтың тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек және оның элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш Қысқа мерзімді жоспар



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі215,45 Kb.
#11350
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Презентация

Бейне-роликтер:1) Шеңбердің анықтамасы 2) Дөңгелек 3) Радиус, центр 4) Хорда,диаметр 5) Доға 6) Центрлік бұрыш


2. Жұптық жұмыс.

Жазбаша әр жұп өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. (мұғалім әр жұптың тұсына келіп, бағыт-бағдар беріп, көмектеседі.) (6 минут)


1 тапсырма.



Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийі

Дескриптор

+ -

Білу және түсіну


Геометриялық нүктелердің орны арқылы шеңберді және оның элементтерін анықтайды

Шеңбердің ішінде орналасқан нүктелерді көрсетеді




Шеңберге тиісті емес нүктелерді көрсетеді




Шеңберге тиісті нүктелерді көрсетеді




Бағалау:Оқушылар бір-бірінің жауаптарын осы дескрипторлар арқылы бағалайды. "Смайликтер" әдісі.



3. Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы жұмыс. (әр оқушыға қалыптастырушы жұмыс парағы таратылады.)

1тапсырма.

Циркуль мен транспортирдің көмегімен салыңыз.

А) центрлік бұрыш 650-қа тең бұрышты;

Б) Доғасы 1400 болатын центрлік бұрышты .



Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийі


Дескриптор

+-

Қолдану


Центрлік бұрышты анықтайды және салады

Дөңгелекті сызады




Центрлік бұрышты сызады




1.Бағалау: Әр жұп бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды.

"Бас бармақ жоғары немесе төмен" әдісі

2 тапсырма. "Сызбамен жұмыс".



Әрбір сызбадан х-тің мәнін анықтаңыз.



Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийі


Дескриптор

+-

Қолдану


Центрлік бұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығарады

Өрнек құрады




Х-тің мәнін анықтайды



1. Бағалау: "Бас бармақ жоғары немесе төмен" әдісі

2. Рефлексия:


  • Менің қандай жетістіктерім болды?

  • Оның себебі қандай?

  • Тағы да не білгім келеді?

(10 минут + 2 минут)

10 минут жеке жұмысты орындауға беріледі.

2 минут өзара бір-бірінің жұмысын тексеруге беріледі.

(Мұғалім есептердің дұрыс жауабын тақтаға жазғаннан кейін, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді. 12 минут өткеннен кейін мұғалім барлық жұмыстарды жинап алады. Егер қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы уақытынан бұрын орындаған болса, онда «Қосымша №3» тапсырмалары беріледі)





Қалыптастырушы жұмыс

Қосымша №1

Қосым-ша№2

Қосымша №3



Соңы

4 мин


Сабақты қорытыныдылау.

Үй тапсырмасы: §18,101-102 беттер. № 18.18 есеп.

Сабақ бойынша рефлексия:
Әр оқушыға сары, көк, қызыл түсті стикерлер таратылады. Оқушылар «Бағдаршам» ережесін қолданып, өз рефлексияларын тақтаға жапсырады.

(мұғалім «бағдаршам» ережесін түсіндіріп өтеді.)






  • Бүгінгі сабақта не үйрендік?

  • Табысты жерлеріміз қандай болды?

  • Қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңдік?

  • Алған білімді ары қарай қалай дамытамыз?



Слайд



Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту –Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлаймын?



Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексеремін?


Денсаулық және қауіпсіздік ережелері


Сабақтың барлық кезеңдерінде үлгерімі төмен оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы қолдау көрсеттім. Қабілеті жоғары оқушыларға «жоғарғы деңгейлі» есептер дайындап үлестіріп бердім.

Қалыптастырушы жұмыс қорытындысы мен оқушылардың тақтаға қалдырған рефлексиялары арқылы. Әр жұп бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды.

"Бас бармақ жоғары немесе төмен" әдісі, "Смайликтер" әдісі.





Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


"Ойлан, жұптас, бөліс"әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақты жұппен, содан соң топпен талқылады. Шеңбер, дөңгелектің және олардың элементтерінің анықтамаларын білді. Нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын түсінді. Центрлік бұрыштың қасиеттерін үйренді және кейбір оқушылар есептер шығаруда осы қасиеттерді қолданды.

Жұптық жұмыс барысында нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын меңгерді. Сабақ барысында әр бөлімде уақыт ұтымды пайдаланылды. Сабақ барысында жоспарымнан

ауытқушылық болған жоқ



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқу туралы да оқыту туралы да ойланыңыз)?

1: Үй тапсырмасын тексеру барысында



«Сұрақтар дайындалған қалпақтар» әдісін қолданғаным тиімді болды.

2: Жеке жұмыс барысында қалыптастырушы жұмыс парағындағы тапсырмалармен жұмыс жасау тиімді болды.



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқу туралы да оқыту туралы да ойланыңыз)?

1: Бейнероликтер жаңа сабақты оқушылардың жақсы меңгеруіне ықпал етті.

2: "Сызбамен жұмыс" әдісі сабақ мақсатына қол жеткізуіме ықпал етті.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылардың басым бөлігі тапсырмаларды дұрыс орындап, оқу мақсатына жетті.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет