Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тасмола археологиялық мәдениетін сипаттап көрсетеді.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
|
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1. "Мұртты обалардың" сызбасына назар аударып, олардың ерекшеліктерін талдаңдар!
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1. "Мұртты обалардың" сызбасына назар аударып, олардың ерекшеліктерін талдайды.
|
ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап бер.
1.Ерте темір дәуіріндегі мұртты обалардың ролі қандай?
2.Мұртты обалардың атқарған қызметі, олар не үшін салынған?
3.Мұртты оба деп аталу себебі неде және олар кімдер үшін салынды?
4.Қазіргі таңда мұртты обалардың қажеттілігі бар ма?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Сұрақтарға жауап береді.
|
ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|