Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы


ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс



бет5/7
Дата16.10.2023
өлшемі1,7 Mb.
#115857
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
94396 3

ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.
    • İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
    • Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
    • Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
    • Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
    • Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
    • Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
    • Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
    • Ой толғау (бұл неден жасалған?)
    • Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.
    • Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.
    • Кім? Ана
    • Қандай? Мейірімді, ақылды
    • Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
    • Түйін Ағайын - алтау, ана –біреу.
    • Синоним Адам
    • RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
    • Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
    • Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.
    • Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет