Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы


Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады



бет3/7
Дата16.10.2023
өлшемі1,7 Mb.
#115857
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
94396 3

Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
  • Сабақтың құрылымы:
  • 1. Қызығушылықты ояту:
  • Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
  • Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
  • Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
  • 2. Мағынаны ашу:
  • Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
  • Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
  • 3. Ой толғаныс:
  • Оқуды қорытындылау.
  • Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды.
    • СТО технологиясының сабақ кезеңдері: Қызығушылығын ояту – Эвокация
    • Мағынаны тану - Реализация.
    • Ой толғаныс - Рефлексия.
    • Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
    • Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет