Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы


Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту



бет4/7
Дата16.10.2023
өлшемі1,7 Mb.
#115857
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
94396 3

Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
  • СТО - дамыту сабақтарының мақсаты біреу (нақты сабаққа байланысты ). Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға байланысты, СТО-ны дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты.
  • Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
    • Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар бар. Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:
    • 1. Негізгі ойды суреттеу
    • 2. Топтастыру
    • 3. Бес жол өлең
    • 4. Эссе жазу
    • 5. Болжам кестесі
    • 6. Галереяға саяхат
    • 7. РАФТ
    • 8. Блум жүйесі
    • 9. ЖИГСО - 1
    • 10. ЖИГСО - 2
    • 11. Қазымыр оқушы
    • 12. Автор орындығы
    • 13. Инсерт
    • 14. Венн диаграмма
    • 15. Кубизм
    • 16. Бағытталған оқу
    • 17. Кідіріспен оқу
    • 18. Әдебиет үйірмесі
    • 19. Жол қалдырып жазу
    • 20. Қос жазба күнделік
    • 21. Авторға сұрақ қою
    • 22. Үш қарамды сұхбат
    • 23. Әлемді шарлау
    • 24. Ой қозғау
    • 25. Оқиға желісі
    • Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер – олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, шығармашыл мұғалімнің ролін көтеруде. Білім беру мазмұны жаңарып мұғалімдерге талап күшейген уақытта СТО жобасы мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай туғызып, өз қабілеттері мен мүмкіндігін танып білуге көмекші болып отыр. Осы методиканың негізгі қасиеті: оқушыларға тыянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға дамыту деп ойлаймын.
    • Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар:
    • Қызығушылығын ояту кезеңі: Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру.
    • Мағынаны тану кезеңі:
    • Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру.
    • Ой толғаныс кезеңі:
    • Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат.
    • Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
    • ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет