(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.«Жұлдыз жорамал» дегенге сенесіңдер ме?
2.Жұлдыздардың адам өміріне маңызы бар ма?
3.Аспан денелерінің қозғалыс жүйесін бақылып көрдіңдер ме?
|
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№4-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Тыңдалған мәтін мазмұнына сүйеніп, «Ғалым туралы түсініктің дамуы» тақырыбында төмендегідей сызба-басқышты т олтырады.
|
Дескриптор:
-Мәтінді мұқият тыңдайды.
-Сызба-басқышты толтырады. Жалпы -5 балл
|
5-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|
Жұптық жұмыс
|
№5-тапсырманы орындатады, қадағалап, бағы-бағдар береді.
|
Қосымша дереккөздерден мәтінде аты аталған ғалымдар туралы мәлімет тауып, қысқаша конспект жазады. Олардың галактика сырын ашудағы еңбектері туралы ақпарат жинайды. Өзі қалаған ғалымның рөлінде өз жаңалығын таныстырады.
|
|