Сабақтың тақырыбы: Сырлы да сиқырлы аспан әлемі. Сан есім Бөлім: 9-бөлім. Аспан әлемінің құпиялары



бет22/70
Дата30.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#77530
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
Қысқамерзімді жоспар
8-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Аспан денелері қалай зерттеледі?

Бөлім:

9-бөлім. Аспан әлемінің құпиялары

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Аспан денелері қалай зерттеледі?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
5.2.6.1оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;
5.ӘТН4.4Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу,сан есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін нақты ақпаратты табу үшін оқиды.
Кейбір оқушылар үшін:
Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата біледі,сан есімді зат есім орнына қолдана біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Қандай ғаламшарда Жердегідей өмір сүруге болады деп ойлайсыңдар?
2.Басқа ғаламшарда өмір болса, қай ғаламшарда тұрар едіңдер? Неге?

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет