(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Төл сөз деген не?
2.Автор сөзі дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Төлеу сөз деген не?
4. Төл сөзді төлеу сөзге қалай айналдырады?
|
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы:
26 минут
|
№10-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Мәтін мазмұны бойынша Шоқанның саяхатшы ретінде өсу баспалдақтарын төмендегі сызба түрінде жазады.
|
Дескриптор:
-Саяхатшы туралы мәлімет алады.
-Сызбаны толтырады.
Жалпы-5 балл
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.
|
Топтық жұмыс.
|
№11-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
«Шоқан және орыс ғалымдары» тақырыбында пікір алмасады. Мәтіннің тілі көркем, ақпараттық деңгейі жоғары болуы керек.
|
|