(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Аспан әлемі сені қызықтыра ма?
2.Аспандағы қай жұлдыздың атын білесің?
3.Жұлдыздар неліктен олай аталады?
|
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады, қадағалайды, бағыт-бағдар береді.
|
Мәтінді тыңдайды. Мәтінде қандай зат есім мен күрделі сын есімдер кездескенін анықтап, мәтіннің жасалу жолын түсіндіреді.
|
Дескриптор:
-Мәтінді мұқият тыңдайды.
-Мәтіннен зат есім мен күрделі сын есімдерді анықтайды.
-Жасалу жолын түсіндіреді.
Жалпы - 5 балл
|
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
Жеке жұмыс
|
№5-тапсырманы орындатады, қадағалайды, бағыт-бағдар береді.
|
Тыңдалған мәтін ішіндегі өзіне бейтаныс сөздердің мағынасын «Түсіндірме сөздіктің» көмегімен анықтайды. Мәтін мазмұнынан түсінгенін өз сөзімен бааяндайды.
|
|