Көкжиек.Айналада көрініп тұрған көкжиек деп аталады. Көз ұшындағы аспан мен жер түйісіп тұрғандай болып көрінетін жердегі сызықты көкжиек сызығы деп атайды. Көкжиектің төрт тұсы бар. Бұл солтүстік – С, батыс – Б, оңтүстік – О, шығыс – Ш, және солтүстік – батыс СБ, оңтүстік- батыс ОБ, оңтүстік-шығыс солтүстік-шығыс СШ.
Бағдарлау. Көкжиек тұстары бойынша өзің тұрған жерді және қажетті жүру
бағытын бағдарлау деп атайды.
Бағдарлаудың бірнеше әдісі бар:
1. күнмен бағдарлау
2. гномон құралы арқылы
3. компас(тұсбағар) көмегімен
4. темірқазық жұлдызы арқылы
5. жергілікті белгілермен
Глобус. Глобус – жердің дәл үлгісі Жердің пішінін оның кішірейтілген үлгісі (моделі) – шардан көруге болады. Шарды жер глобусы деп атайды. Оның бетінде құрлықтар, аралдар, мұхиттар мен теңіздер бейнеленген. Глобуста, картада бір полюстен екінші полюске қарап шартты түрде жүргізілген ең қысқа сызықты меридиан деп атайды. Жер бетіне шартты түрде экваторға параллель жүргізілген сызықтарды параллельдер деп атайды. Параллельдер арқылы жер бетіндегі кез келген нүктелердің географиялық ендігін анықтайды. Меридиандар арқылы географиялық бойлықты анықтаймыз. Шығыс және батыс бойлықтары болады.
Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі).
Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін,
батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады.
Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;
Карта -Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.