Сабақтың тақырыбы: Сұлба және карта Модуль /пән атауы: Оқушыларға әлемнің тұтас жаратылыстану-ғылыми бейнесін қалыптастыру



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі35,17 Kb.
#129618
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Карта

Картаға нүктені түсіру-координаттары бойынша нүкте орналасуы тиіс шаршыны анықтап, оған нүктені түсіру. Табылған шаршының оңтүстік сызығынан оның бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол шаршының төменгі жағы мен X нүктесінің айырымына сәйкес келу керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы сызыққа шаршының батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол шаршы сол жағымен У нүктесінің айырымына сәйкес келуі тиіс. Бұл ізделіп отырған нүкте болып табылады.


Карта масштабы-(Масштаб карты). Карталардың масштабы 1:10000, 1:25000, 1:50000 1:100000, 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 болып шығарылады. Кіші бөлімдердің командирлері өз міндеттерін орындау үшін ұрыста көбінесе 1:50000 және 1:100000 масштабы карталарды қолданады. Ал масштабы 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 карталар ірі штабтардын жұмысында, сонымен қатар арнаулы міндеттерді орындау үшін қолданылады.
Картадағы өзі тұрған жер нүктесі-жергілікті заттар, бедерге тән пішін мен бөлшектердің картада бейнеленуі бойынша, көз мөлшерімен жүріп өткен қашықтық пен бағдар бойынша белгілеулермен анықтау тәсілі.
Карталар масштабы-картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мындық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 жүз мындық, 1:200000 екі жүз мындық, 1:500000 — бес жүз мындық, 1:1000000 — миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет