Сабақ:
Қазақ тілі
|
Мектеп:№115 Оразбай атындағы негізгі орта
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Сөйлеу мәдениеті. Амандасу әдебі.
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Касымбекова Айнур Ануарбековна
|
Сынып:5 «А»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.2.1.1.Берілген мәтінге сәйкес кіріспе , негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
5.3.2.1..Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Мәтінді оқиды, мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтып, қарапайым жоспар құрай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Мәтінді оқиды,жетекші тірек сөздер арқылы негізгі ақпаратты таба алады. Әртүрлі жанрдағы мәтінді талдай алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып нақты ақпаратты табады , сол бойынша өзінің ой-пікірін айта алады, хат, жарнама, хабарлама жаза алады.
|
Критерий
|
Мәтінен негізгі тірек сөздерді таба алады.
Берілген мәтннің құрлымын сақтап, қарапайым жоспар құрай алады.
Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
|
Мәтінді оқиды , мәтінге сәйкес бөлімдерді қамтып, қарапайым жоспар құрай алады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Армысыздар, мал-жандарыңыз , жиналғандар,т.б.
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Қолын кеудесіне қойып, саулық сұрасып жатыр, егде кісілер т.б.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Садық төрдегі ақсақалдармен қалай амандасты?
Неліктен қалған топпен басқаша амандасты?
Өздерің үлкендермен қалай амандасасыңдар?
Ауызекі сөйлеуге тән белгілерді байқай алдыңдар ма?
|
Не себепті... деп ойлайсыз?
|
Не себепті Садық ақсақалдармен және қалған топпен әртүрлі амандасты.
|
ишара:
|
Басын изеу, қолын кеудесіне қою, еңкейіп сәлем беру.
|
|