Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек». Кіріспе. Төлегеннің жар іздеуге аттануы. Төлегеннің Шекті еліне келіп, Қаршығамен кездесуі. №2-сабақ.
Бөлім:
1-бөлім: Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:7
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
«Қыз Жібек». Кіріспе. Төлегеннің жар іздеуге аттануы. Төлегеннің Шекті еліне келіп, Қаршығамен кездесуі.
7.1.3;1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің
типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.
7.3.1.1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар әдеби шығарманың эстетикалық құндылығын түсінеді. Қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрпын кең көлемде суреттеп, қазақты күллі әлемге танытқан «Қыз Жібек» жырын теңрек таниды.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.