Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№2-тапсырма:
Сұрақтарға жауап беріңдер:
|
Лиро-эпостық жырлардың мазмұны қандай оқиғаларды қамтиды?
Ғашықтық жырлардың кейіпкерлері кімдер?
Лиро-эпостық жырлардың негізгі тақырыбы қандай?
Қазақ халқының қандай лиро-эпостық жырларын білесіңдер?
Қандай лиро-эпостық жырларды оқыдыңдар?
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- сұрақтарға жауап береді
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.
|
|
№3-тапсырма.
Лиро-эпостық жырларды өздерің білетін батырлар жырымен салыстырыңдар. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын «Венн диаграммасы» арқылы көрсетіңдер.
|
Жалпы – 4 балл.
- Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын «Венн диаграммасы» арқылы көрсетеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Жеке жұмыс
|
№4-тапсырма.
Жинақтау
|
Лиро-эпостық жырлар туралы білгендеріңді жинақтап, тірек сызба түрінде көрсетіңдер.
|