Сабақтың тақырыбы Сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің байланысу түрлері


Сөздер сөйлемде шылаулар арқылы да байланысады



бет3/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,14 Kb.
#16274
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7cff6634-41c9-4f94-b762-fc439b21f3b0

2. Сөздер сөйлемде шылаулар арқылы да байланысады. Мысалы: Біздің еліміз бейбітшілік үшін күреседі дегенде бейбітшілік сөзі мен күреседі сөзінің тіркесіп байланысуына үшін шылауы септігін тигізіп, мақсаттык мағынаны тудырып тұр. Сөздерді жалғаулық шылаулар мен септеулік шылаулар байланыстырадьг. Жалғаулык шылаулар бірыңгай мүшелерді яғни тең дәрежелі, бір тұлғадағы сөздерді салаластыра байланыстырса, септеулік шылаулар бір сөзді екінші сөзге бағындыра, сабактастыра байланыстырады.

Сондықтан септеулік шылаулар байланыстырған сөздер сөз тіркесін құрайды да, жалғаулық шылаулар байланыстырған сөздер сөз тіркесі бола алмайды, тек бірыңғай мүшелер болады. Ал демеулік шылаулар сөздерді байланыстыра алмайды. Сөздерді сабақтастыра байланыстыратын шылаулар: сайын, үшін, жөнінде, туралы, дейін, шейін, тарта, таман, соң, кейін, бірге, қатар т. б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет