Білімділік Студенттер қазіргі қазақ тілі пәнінен синтаксис туралы мағлұмат бере отырып, практикамен ұштастырып, сөз тіркесіне талдау жасай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық:Ойлау шеңбері кеңейді, ақпараттық құзіреттілігі дамиды.
Негізгі әдебиеттер: М. Балақаев, Т. Қордабаев. Қазiргi қазақ тiлi грамматикасы. Синтаксис. - Алматы : Мектеп, 1966. .Әміров. Р.Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1983.Қордабаев Т., Құрмалас сөйлемдер синтаксисі ., Алматы., 1995.
Қосымша әдебиеттер:Қараев М.Ә Қазақ тілі – Алматы. Ана тілі 1993. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ I. Ұйымдастыру кезеңі.Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
Сөздердің байланысу тәсілдері.Кез келген сөздердің қатар тұруы синтаксистік қатар тұру синтаксистік сөз тіркесі болып есептеле бермейді. Еркін сөз тіркесі үшін сөздердің байланысының белгілі заңдығы болады, демек, бұл жағдайда сөздер белгілі тәсілдермен байланысады. Ондай тәсілдер қазақ тілінде тқртеу: 1. Жалғау арқылы байланысу; 2. Шылау арқылы байланысу; 3. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу; 4. Дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысу.