Қолдауды орташа қажет ететін оқушыларға: Жетелеуші сұрақтар: қанды бүйрек көмегінсіз тазалау тәсілдері қалай аталады? Диализаттың атқаратын басты қызметі қандай? Бүйрек ауыстыру әдісі қандай жағдайларда қолданылады деп ойлайсың? Бүйрек ауыстырған адам мен гемодиализ (жасанды бүйрек) қолданатын адамның қайсысы диализ орталығына «тәуелді» деп ойлайсың? Неліктен?
Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:
Адасқан сөздер: Мен Гемодиализ/ Перитонеалды диализ/ Бүйрек ауыстырып қондыруды қолдаймын/қарсымын.
ҚБ «Конверттегі сұрақтар» әдісі
№2.Тапсырма Әдісі: «Стоп кадр» Оқыту формасы: жұптық жұмыс Тақырыбы: «Бүйректі трансплантациялау отасы» бейнекөрсетілім көріп, өз көзқарастарын өмірмен байланыстыра отырып, талқылау.
1.Неліктен бүйректі трансплантациялау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады?
2. Бүйрек трансплантациясында адамның жасына шектеулер бар ма? 3.Неліктен бүйрек трансплантациясында тірі донордың болуы табысты болады? 4.Науқас үшін отадан кейінгі кезеңнің қиыншылығы неде екенін түсіндіріңдер.
5.Бүйрек трансплантациясының табысты өтуі неге байланысты болатынын талдаңдар.
6.Бүйрек трансплантациясы адамға қандай артықшылықтар береді?
Дескриптор: - бүйректі трансплантациялаудың артықшылық-тарын талқылайды.
- бүйректі трансплантациялаудың кемшіліктерін талқылайды.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»
№3 Тапсырма: Оқыту формасы: жеке жұмыс Әдісі: «Шындық», «жалған» Кестенің сол жағындағы тұжырымдарды ажыратыңдар.
Тұжырымдар
шындық
жалған
Бүйрек ауыстыру – созыл-малы бүйрек жетіспеуші-лігін жедел емдеудің жаңа әдісі болып табылмайды.