Жер деңгейінен көлбеулікпен биіктетілген теміржол стансаларының аймағындағы құрылыс, ол пойыздар құрамын қалыптастыру және тарату үшін тағайындалған сұрыптау құрылғысы болып саналады.
Сұрыптау құрылғыларын жобалаудың ережелері мен қағидаларында» сұрыптау дөңесінің төрт санаты бекітілген, олар вагондарды өңдеу және сұрыптау паркіндегі жолдардың санына, талап ететін көлеміне байланысты ажыратылады (келесі кестеде).
Дөңестің санаттылығын жоспар, кескін, орналасуы мен тежегіш құралдардың қуаттылығы анықтайды.