Сұрыптау дөңесі үш бөліктен тұрады: жылжыту бөлігі, дөңестің биігі және түсіру бөлігі.
Жылжыту бөлігіне тартымдық жолы немесе қабылдау паркі және дөңестің биігіне дейін сұрыптау паркінің жағына оның жалғасқан жері енеді.
Дөңестің биігі немесе дөңестің үсті деп дөңестің жылжыту бөлігінің түсіру бөлігімен қосылатын жерін ең үлкен қып белгілейтін нүкте саналады. Бойлық профильдегі көлбеумен жанасатын вертикаль қисықтардың ең аз радиусы жылжыту және түсіру бөлігіне қарай дөңестің биігінде 350 м, дөңестің түсіру бөлігінің қалған элементтерінің тоғысуы үшін ең аз радиус 250 м деп қабылданады.
Дөңестің түсіру бөлігі үш ірі учаскеден тұрады: жылдамдық учаскесі, тежегіш позицияларды орналастыру учаскесі және стрелкалы аймақ. Жылдамдық учаскесі біркелкі немесе айнымалы профильмен жобаланады; соның шегінде ағытпа үлкен жылдамдыққа ие болады, ал бұл қууға және ертерек түсірілген вагондардың зақымдалуына әкелуі мүмкін. Осындай жағдайды болдыртпау үшін дөңестің түсіру бөлігінде вагонның жылдамдығын азайтуға мүмкіндік беретін тежегіш құрылғылар орнатылады. Стрелкалы аймақ сұрыптау жолдарын өзара біріктіреді.