Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953жж.)
Сабақтың тақырыбы:
Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Оқу мақсаты:
9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;
9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау
Бағалау критерийі:
Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін танысып біледі.
Қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсінеді және өзіндік интерпретация жасайды.
Е. Бекмахановтың жазықсыз жазалану себебін анықтайды.
Саралап оқыту тапсырмалары
Уақыты
Кезеңдері
Педагогтің әрекеті
Оқушы
Бағалау
Ресурстар
1 минут
Ұйымдастыру
Сабаққа назарын аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақта
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің ерекшеліктерін айқындаймыз және сараптаймыз
Зерттеу сұрағы: Елімізде соғыстан кейінгі жылдары қоғамдық-саяси үдерістер қалай және неліктен өзгерді?
Не меңгеретінін білу үшін
1-3 презентация.
5-6 минут
Жаңа сабақ
"...Біздің индустриямызға құрал-жабдықтар әкелу үшін бөлінген валютаны жұмсамай, кулакты қысып, одан астықтың артық мөлшерін сығып алған дұрыс...".
Сонымен, көсемге "револьвер-лагерьлік" әкімшілік-әміршіл саясатының "қағидаларын" құрбан етуден гөрі миллиондаған шаруаға қарсы репрессия бастау "жақсы" болып көрінді. Сонымен қатар, мұндай тәсілді жүзеге асыру үшін режим сол кезде жақсы жұмыс істеп тұрған репрессивті аппарат түріндегі қуатты қамсыздандыру ресурсына, яғни жазалау органдарының тармақты инфрақұрылымына ие болды. Көп ұзамай бәрін "төтенше" белгісі анықтай бастады, нәтижесінде астық дайындау науқаны кезінде тікелей экспроприациялар болып, содан кейін шаруаларға қарсы жаппай саяси қуғынсүргін де басталды.
Сталиннің өзі Сібірде "астық майданын" ашты, онда ол үш аптаға жуық болды (1928 жылы қаңтар-ақпан). Новосібірмен Омбыда сөйлеген кезде (1928 жылы 18, 27 және 28 қаңтар) РКФСР (Ресей Кеңестік Федералдық Социалистік Республикасы) Қылмыстық кодексінің 107-бабын директивті түрде жаппай қолдануды талап етті. Бұрын бұл бап "тауарларды сатып алу, жасыру немесе нарыққа шығармау арқылы бағасын қасақана көтеру" үшін жазалауды қарастырған (яғни, ол мемлекеттің НЭП (жаңа экономикалық саясат) механизміне әкімшілік тұрғыдан араласуға құқық берген). Астық дайындау дағдарысы кезінде ол бап қолдану тұрғысынан едәуір түзетілді және 1928 жылдың қаңтарынан бастап негізінен астық иелеріне, "мемлекеттік бағамен беруден бас тартқандарға және астық алыпсатарларына" тарай бастады. Жаза ретінде 107-бапта мүлікті немесе оның бір бөлігін тәркілеу мен бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал "топтық келісім" жағдайында үш жылға дейін бас бостандығынан айыру мен толық тәркілеу қарастырылған.
Қазақ ауылындағы астық дайындау науқаны кезінде қатаң әкімшілік террор басталды. Бұл жерде ең басынан бастап, мал дайындау науқаны "соғыс коммунизмі" кезеңіндегідей әскери әрекет сипатында болды. Дайындамалардың мөлшерін жоспарлы тапсырмалар анықтады, алайда, оларды есептеуде халықтың қолындағы мал саны туралы мәліметтер жалғанболған, өйткені бір бюрократиялық инстанциядан екіншісіне жылжу барысында азды-көпті сенімді ақпарат (халықтық қаржы комиссариатының салық есебі) айтарлықтай жоғарылатылатын (қаржы органдары бұны көп мал салықтан жасырылды деген сылтаумен ақтады). Осындай қосып жазылған жалған есеп пен волюнтаристік жоспарлау нәтижесінде аудандарға қолда бар мал санынан асып түсетін тапсырма түсе бастады. Мысалы, Балқаш облысында 173 мың бас мал болатын, бірақ дайындама кезінде 300 000 бас мал керек деген тапсырма келді