1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Суреттерді мағынасына қарай сәйкестендір.
1.
А) 1948-1953 жылы 6,5 млн-ға жуық адам қуғын сүргін құрбаны болды.
2.
Ә) Елде Сталиннің жеке басына табынушылық үстемдік құрып, тоталитарлық жүйе өз күшін сақтап қалды.
3.
Б) Қатаң әкімшіл-әміршіл жүйеге байланысты халық тоталитарлық жүйе құрсауында қалды.
Дескриптор: Білім алушы
1. 1948-1953 жылы 6,5 млнға жуық адам қуғын сүргін құрбаны болғандарды суретпен сәйкестендіреді. 2. Елде Сталиннің жекебасына табынушылық үстемдік құрып, тоталитарлық жүйе өз күшін сақтап қалуын суретпен сәйкестендіреді. 3. Қатаң әкімшіл-әміршіл жүйеге байланысты халық тоталитарлық жүйе құрсауында қалуын суретпен сәйкестендіреді. 2-тапсырма. «Түймедақ әдісі» бойынша жасырынған сұрақтарға жауап береді.
1. Ермахан Бекмаханов кім?
2. 1943 жылы шыққан «КСР Қазақстан тарихы» кітабының авторы кім?
3. Е.Бекмаханов қалай жазаланды, қандай айып тағылды?
4. Қазақ зиялы қауымын қуғындау және идеологиялық бағыттағы жұмыстар қандай ұранмен жүргізілді?
5. Ғалымдар мен жазушыларға қандай айыптар тағылды?
6. 1951-1953 жылы қай жазушы ғалымдар қуғын сүргінге ұшырады?
Дескриптор: Білім алушы.
Ермахан Бекмаханов кім екендігін сипаттайды.
1943 жылы шыққан «КСР Қазақстан тарихы» кітаптың авторы кім екенін анықтайды.
Е.Бекмаханов қалай жазаланды, қандай айып тағылғанын анықтайды.
Қазақ зиялы қауымын қуғындау және идеологиялық бағыттағы жұмыстар қандай ұранмен жүргізілгенін сипаттайды.
Ғалымдар мен жазушыларға қандай айыптар тағылғанын анықтайды.
1951-1953 жылы қай жазушы ғалымдар қуғын сүргінге ұшырағанын анықтайды.