Сабақтың тақырыбы: Су айналымы. Сабақтың мақсаты Табиғаттағы су айналымы туралы білім беру



Дата17.10.2023
өлшемі31 Kb.
#117680
түріСабақ
Байланысты:
Су тіршілік белгісі


Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Су айналымы.
Сабақтың мақсаты:1.Табиғаттағы су айналымы туралы білім беру.
2. Су-тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы,қасиеті туралы білімдерін жетілдіру, кеңейту.
3.Су құндылығын бағалауға,суды үнемдеу құзіреттілігін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі:өздік білім алу,түсіндірме,тәжірибе жасау,тест жұмысы
Сабақтың көрнекілігі:интерактив тақта,тәжірибе жұмысына қажетті құралдар/стакан,мұз,әйнек/
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Жылулық шеңбері

Су не деген ғаламат!
Бұлақ болып сылдырап
Өзен боп кейде жылжыса,
Көл боп тұнар тұнжырап.

  • Су-ғажайып зат.

Олай деуіміздің себебі не деп ойлайсынңдар?
Судың үш түрлі күйі бар:мұз,су,бу.

  • Су-тіршілік көзі.

Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90-пайызына дейін судан тұрады.Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17кг кемісе,адам өледі. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Су-табиғатта ең көп таралған зат.Жер бетінің төрттен үш бөлігін су қабаты алып жатыр.

Судың тағы бір кереметі-ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.

  • Флипчарт әдісі арқылы оқушылар су айналымының сызбасын құрастырады.

  • Сарамандық жұмыс.

  1. «Бу-бұл да су»

  2. «Су-сұйық,сондықтан ағады»

  3. «Мұз-қатты су,мұз судан жеңіл»

  • Тапқыр болсаң,тауып көр.

1.Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна. /өзен/
2.Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады./мұз/
3.Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң-қорын тек,
Барша тірлік қурайды.
4.Аспандағы көлеңке,жерге суын шашады./бұлт пен жаңбыр/
5.Төгілген жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта –ақ./бұршақ/

  • Мақалды жалғастыр/оқушылар флипчартта орындайды/

Су- ....................................................../тіршілік көзі/
Су анасы-............................................/бұлақ/
Сусыз-........................................./тіршілік жоқ/
............................-көзін аш/бұлақ көрсең/

  • Сен білесің бе?

1.Жер неге су әлемі болып есептеледі?/Жер су әлемі,өйткені жердің 71 %-су алып жатыр/

2.Суды жей ме?
3.1 тәулікте адам денесінен 12 стакан су шығарады,сондықтан сонша суды тамақпен бірге ішу керек.
4.1күнде қайың-6 шелек,терек-2000л су шығарады.
* Қауіпсіздік ережелері
Балалар су қауіпсіздігіне байланысты суреттерді қарап,судан сақтану ережелерін құрастырады.

  • Тест жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет