Сабақтың тақырыбы: Судың маңызы Сабақтың мақсаты: Судың маңызы туралы таныстыру


Подростки с несформированной учебной



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата12.03.2017
өлшемі463,12 Kb.
#9196
түріСабақ
1   2

Подростки с несформированной учебной 

деятельностью:

– неуспевающие учащиеся, для которых характерно 

низкое качество мыслительной деятельности (по 

физиологическим причинам) при положительном 

отношении к учению и сохранении позиции 

школьника;

– неуспевающие учащиеся, для которых характерно 

как низкое, так и высокое качество мыслительной 

деятельности при отрицательном отношении к учению

и полной утрате позиции школьника, проявляющееся в

стремлении оставить школу.

Вышеуказанные категории учащихся выявлены на 

основании многолетнего опыта работы в вечерней 

школе с постоянным мониторингом контингента 

учеников с применением следующих инструментов:



Тестирование по всем дисциплинам

Ежегодно, в целях выявления причин низкой 

успеваемости, при их переходе в нашу школу, 

проводится тестирование по всем учебным 

дисциплинам. В результате проводимого тестирования 

определяется общий уровень знаний каждого ученика.



Работа школьного психолога

В течение первой четверти психолог составляет 

личностный портрет каждого поступившего 

учащегося, на основании бесед с каждым учеником, 

проведения психологических тестов и т.д.



Обследование жилищно-бытовых условий

Классный руководитель выезжает на дом каждого 

ученика, проводит ознакомительные беседы с 

родителями, проверку условий жизни и обучения 

ребенка дома. По итогам каждого выезда составляется 

акт обследования жилищно-бытовых условий по 

установленной форме.

Грамотная организация учебного процесса и 

активизация работы школьников, особенно в вечерней 

школе, немыслимы без чуткого отношения к ним и 

умелого индивидуального подхода. Это – аксиома, 

известная учителям еще со студенческой скамьи, когда

они слушают лекции по психологии, педагогике и 

методике. Но на практике многие из преподавателей 

именно в этом отношении допускают серьезные 

недостатки, которые отрицательно сказываются на 

успеваемости и качестве обучения. Слишком велика 

бывает тяга к прямолинейному воздействию на 

учащегося с целью быстрейшего достижения 

положительных результатов и не всегда хватает умения

и терпения искать пути для постепенного улучшения 

успеваемости, для пробуждения интереса и 

формирования мотивации к обучению.

Практически каждый из пришедших в вечернюю 

школу, когда то радовался тому, что идет в школу, 

связывал с ней какие - то радужные надежды, но 

постепенно переходил в разряд неуспешных, на 

которых учителя махнули рукой. Часто принято в 

школьных неудачах обвинять исключительно 

учеников, а все ли делают педагоги, чтобы обеспечить 

 ---6 ---


 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

успех своим воспитанникам?

Надо помнить, что ученик, не желающий учиться, 

является страдающей стороной. Постоянный конфликт

с родителями, с учителями, пренебрежительное 

отношение со стороны одноклассников – это не по 

плечу подростку.

Проблема доверия в рамках образовательного 

процесса является очень актуальной. Принимая во 

внимание тот факт, что учебная мотивация – 

основополагающий компонент учебного процесса, я 

считаю, что ее уровень в значительной степени 

зависит от уровня доверия к учителю. Доверие между 

учителем и учеником – необходимое условие 

качественного образования.

Чаще всего ребенку нужна не просто педагогическая 

помощь и поддержка, но и понимание, добрые и 

ласковые слова, которых так ему  не хватает как в 

школе, так и дома. Поэтому каждому педагогу в 

вечерней школе, важно не ломать их 

индивидуальность, а исправлять и направлять ее 

развитие. 

  Благожелательная поддержка любого, даже самого 

слабого, успеха, выдержка и спокойствие – вот 

правильная линия поведения учителя в таких случаях. 

После того как доверие достигнуто, можно начать 

разбираться в причинах возникшего нежелания 

учиться. Основной причиной может быть наличие 

дефектов или несформированности учебной 

деятельности. Другая причина – допущенные ошибки 

воспитания, которые ведут к одному: неумению делать

то, что надо, вопреки тому, что хочется. Большую роль 

в воспитании этого умения может сыграть совместная 

деятельность  учителей, школьников и родителей.

Основной вывод из вышесказанного заключается в 

том, что повышение успеваемости и  качества знаний, 

преодоление отставания школьников в учебе требуют 

решения двух проблем: с одной стороны, нужно 

совершенствовать методику проведения учебных 

занятий, учитывая индивидуальные особенности 

класса и отдельных учащихся. С другой,  умело 

применять систему воспитательных средств 

воздействия на учащихся, с тем  чтобы не допускать 

формирования у них отрицательного отношения к 

учебе, вырабатывать потребность в знаниях и 

стремление к преодолению встречающихся 

трудностей.

Таким образом, возникает необходимость создания 

системы работы в школе со слабоуспевающими и 

неуспевающими учащимися. В ходе многолетней 

работы мной был выработан комплекс мер по 

совершенствованию учебно-воспитательного процесса

с целью улучшения успеваемости школьников. 

 Использую  такие формы работы, как работа  в парах

или индивидуальную.

        В исследованиях ученых встречается такая цифра

– для прочных знаний детям надо повторить материал

400-500 раз.

И еще одна информация для размышления:

Знания формируются следующим образом:

80% – в начальной и основной школе,  10% – в 10-11

классах, 5% – в вузе.

Остальное – практика в самостоятельной жизни. 

Эту   информацию   должен   знать   каждый   ученик,

должен понять, что нельзя откладывать на потом, и и

лучшее   время   усвоения   –   это   школьные   годы;   что

каждый   учится   на   свое   будущее   благополучие.   В

нашей школе обучаются дети 10, 11 класса. На первом

занятии я всегда привожу эти цифры, показывая как

много   им   нужно   сделать   работы,   чтобы   достичь

успеха, восполнить пробел в знаниях в течение двух

лет, которые они будут обучаться в нашей школе.  

  

       При работе со слабоуспевающими учащимися:

1.   При   опросе   слабоуспевающих   школьников   даю

определенный   перечень   вопросов   и   алгоритмов

решения примеров.

2. Ученикам задаю наводящие вопросы, позволяющие

последовательно,  согласно наработанному алгоритму,

излагать материал.

3.   У   каждого   учащегося   имеется   словарь-памятка,

которые   они   записывают   самостоятельно,   на   основе

данного на уроках краткого теоретического материала.

4.   В   ходе   опроса   и   при   анализе   его   результатов

обеспечиваю атмосферу доброжелательности.

5.   В   ходе   самостоятельной   работы   со

слабоуспевающим даю упражнения, направленные на

устранение   ошибок,   допускаемых,   при   ответах   в

письменных   работах.   Отмечаю   положительные

моменты   в   их   работе   для   стимулирования   новых

усилий.


6.   При   организации   домашней   работы   для

слабоуспевающих   школьников   подбираю   задания   по

осознанию   и   исправлению   ошибок;   провожу

подробный   инструктаж   о   порядке   выполнения

домашние   задания,   при   необходимости   предлагаю

 карточки-консультации,   даю   задания   на   повторение

материала, который потребуется для изучения нового,

объем домашних   заданий рассчитываю так, чтобы не

допустить перегрузки школьников.

7.

Периодически   провожу   повторение   и



отработку пройденного ранее материала.

 ---7 ---



 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

Новый  орта  мектебі

«Талапкер» ғылыми  орталығы

2 «б» класс  оқушысы

Жолдыбай  Аянат

Жадигеров  Сүлеймен

Жетекшісі : Есеева Тамара Нарымбековна 

«  АЛОЭ  ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ

ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ »

Кіріспе 

Қазақстан жері әр  түрлі  табиғи жағдайдан, орманды

далалы,     таулы   аймақтардан   тұрады.   Міне   осындай

ұланғайыр өлкемізде  алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай

заманда     болмасын,   адамзат   баласы   өсімдік

өнімдерінің   тағамдық   жағынан   ғана   емес,   емдік,

шипалық   жағына     да   көңіл   бөлген.   Жер   жүзіндегі

дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа,

дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.

Жер   бетінде   өсетін   барлық   өсімдіктердің   пайдасына

көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі –

дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%,

жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%,

қақырық   түсіретін   дәрілердің   80%,   қан   тоқтатын

дәрілердің   65%   тек   өсімдіктен   алынады.   Шипалы

өсімдіктер   қатарына   әр   түрлі   сәнді   өсімдіктер   де

жатады.   Сондай-ақ,   біздің   бау-бақшамызда   аяқ

астында қаптап өсетін  арамшөптер жөнінде де осыны

айтуға   болады.   Өздерінің   жер   үстінде   және   жер

астында   өсетін   мүшелерінде   аса   бағалы   «үй

дәріханасына»   қажетті   заттардың   болуы   арқылы

олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы

мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым

алып   20  мыңнан     астам   мәдени   өсімдіктерді   қолдан

өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның

игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз

дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін

және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен

өткізген .

Мәдени   өсімдіктер   арасында   ең   көп   белгілісі   алоэ.

Алоэ араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді.

Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды.

Алоэнің   қоспалары   Қытайдың   мыңжылдық

қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде

алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің

символы.  Халық  медицинасында  оны  қызыл  иектің,

қабақтың   қызаруына,   өкпе   туберкулезіне,   экземді

емдеуге, асқазан  жарасына пайдаланылады. Осындай

ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам

баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз

ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік

өсімдіктерді   неге   пайдаланбасқа?  

  Дәрілік

өсімдіктерден     жаңа   дайындалған   тұнбалар   мен

ертінділердің   химиялық   жолмен   жасалған   дәрі   –

дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.

Негізгі  бөлім 

Кейінгі   жылдары   медицинада   шөптердің   емдік

қасиеттері, оларды  кеңінен пайдалануға ерекше назар

аударылуда.   Қазіргі   кезде   шөппен   емдеу   –

фитотерапияны   үй   жағдайында     кеңінен   қолдануға

мүмкіндік     жеткілікті.  Ол  үшін     дәрісіз  ем  –  домды

жасауды   дәрілік   өсімдіктерден   іздеуіміз     керек.

Өсімдіктер   сарқылмайтын   қазына   емес     сондықтан

оларды   орынды   пайдаланып   қорғай   біліудің   маңызы

зор   «Мың   теңге   тұратын   дәрі   шарбағыңның   дәл

түбінде     өсіп   тұр»   деген   халық   даналығы   бекер

айтылмаған.   Дәрі-дәрмек   жасау   ісінде   өсімдіктердің

алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.

Алғаш   рет   Қазақстанда   өсімдіктердің   емдік   құрамы

туралы   мәліметтер   ХІІІ-ХV   ғасырда   жазылды.

Көптеген   орыс   қалаларында     жасыл   өсімдіктерді

сататын   аптекалар   ашылды   ІІІ   ғасыр   бойы   емдік

өсімдікдерді   қолдану   тәжірибелері   жүргізілді.   Бұл

жазбалар   ХVIII   –ғасырдың   соңына   дейін   жалғасты,

қаншама   рет   толықтырылды,   ауру   түрлері

ажыратылды.   Дәрілерді   жасау   әдісі   қарастырылды.

Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 – інің

шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі

дайындауға   шикізат   ретінде   пайдалануға   болады.

Алайда   медицинаға   200-ге   жуық   дәрілік   өсімдіктер

түрі   белгілі.   Қазақстанда   өсетін   6000-ға   жуық

өсімдіктің  түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. 

.

Алоэ-   емдік   қасиеттерімен   бөлме   өсімдіктерінің

патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка.

Таралуы:   Африка   мен   Индияның   жартылай   шөл

далаларында,   Мадагаскарда   кездеседі.   Алоэ-

асфоделовтар   тұқымдасының   суккулентті   өсімдіктер

туысы,   400   түрі   бар.   Олар   мәңгі   жасыл   немесе

алабажақ,   шөптесін,   бұта,   ағаштектес   көпжылдық

өсімдік..   Суккулентті,   жапырағының   жиектері   тегіс

немесе ара тіст. Құрғақшылық  жылдары бұл өсімдік

жапырағының   шырышты   өзегіне   қоймалжың   шырын

жинайды   да,   ол   өсімдікті   солып   қалудан   сақтайды..

Көп   жерде   бөлме   өсімдігі,   яғни   әсемдік   ретінде

өсіріледі. Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени

өсімдік   ретінде   40-жылдарда   орын   тапты.   Гүлдеу

уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі:

жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда

веналық   ауруларды   емдеуге   қолданады.   Алоэ   суық

тигенді   емдейді.   Мысалы:   тұмау   ауруына,   жара   мен

кесілген   жерлерді   жазады.   Мидың   үлкен   ми

сыңарларындағы   тітіркену   мен   тежегішті   реттейді.

Жұмыс   істеу   қабілетін   жоғарылатып,   физикалық

ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын

ретке келтіреді. 

Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің

әсемдігімен   көздің   нұрын   алады,   гүлдеуі   өте   сирек,

бірақ   та   жұмыс   жазу   барысында   ұққаным   өсімдік

 ---8 ---



 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

көптеген   пайда   әкеледі.   Мен   өз   сыныптастарымның

арасында   осы   өзімнің   жұмысыма   байланысты

сауалнама   жүргіздім.   Алоэны   сыныптастарымның

арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік

өсімдіктердің   қасиетін   ата-бабаларымыз   білген.

«Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ»  дегендей

қазіргі   заманда   химикат   дәрілер   көбейіп   жатыр.

Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік

адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы

өсімдіктерден   алынады.  Аурудың  алдын   алуға   емдеу

үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор. 



Химиялық құрамы

Жапырағында   антрагликозид-алоин   бар,   1,66   алоэ-

эмодин,   25%   алоэзин,   натолин,   геманатолин,

ребарберон,   шайырлы   қоспа,   20%   эфир   майы,

ферменттер   мен   микроэлементтер,   витаминдер,

фитонцидтер   кездеседі.   Ең   құндылығы   сол

құрамындағы   22   амин   қышқылының   20-ы   адам

организмінде   кездеседі.  Ал  жақында   ғалымдар   оның

құрамынан   сирек   кездесетін   күрделі   көмірсу   –

ацеманнан  тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны

және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол

затты СПИД-ті емдеуге қолдануда. 

               Қолдану бөлігі:  жапырағы, сөлі.   Жапырағын

кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа

3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты:

жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.

                                                               Көбеюі

   Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр

2-3   жылда   жақсы   топыраққа   отырғызылады.

Алоэының   көбінесе   шілде   мен   тамызда   немесе

көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см

болуы   керек,   сонымен   қоса   1   тәулік   ауада   ұстаған

жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-

5см-дей   етіп   отырғызады.   Тамыры   пайда   болғанда

отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге

болады.   Тұқымын   ақпан,   наурыз   айларында   себеді.

Температурасы 25

0

С –тан төмен болмауы тиіс. 



Алоэ өсімдігін өсіру орыны

Қыста   жарық   жерде,   ауа   температурасы   +10°C

деңгейінде болатын орында ұстауға болады

Тыңайту:    жазда айына бір рет кактустарға арналған

тыңайтқыш   арқылы   топырағын     құнарландыруға

болады. 

Суару:    жаз   уақытындағы   вегетация   кезеңінде   (өсу

кезеңі) алоэнің су сақтағыш ұлпалары (суккуленттері)

ылғалдылықты  көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір

суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста

салқын   жерде     тұратын   болса,   көп   суарудың   қажеті

жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына 

әкеліп соғады. Крандағы салқын суды бірден   құюға

болмайды.   Суды   тек   топырақ   құрғаған     кезде   ғана

құйған абзал. 

Алоэ — үй гүлдерінің королі

Алоэнің   түрлері:  Қорқынышты   алоэ,   алоэ   вера,ағаш

тәріздес алоэ ,шұбар  алоэ.                                        

   Алоэның пайдасы

Өкпе туберкулезі                                                               

 

Иммунитет

Тәбет ашады

Ангина

Күйік

                                                                                              

Жөтел

   


Жараларды жазу

                                                    

Суық тию

                  

Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту                           

Рак жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды

Алоэның қолданылуы

Жапырақ   сөлі   тәбет   ашады,   ас   қорытады.   Әр   түрлі

микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада

алоэның   шырыны   жараны   таңуға,   әр   түрлі   тері

ауруларына     пайдаланады.   Өсімдіктердің   жаңа   сөлі

әсіресе   қараңғы   жерде   ұстағаны   туберкулезді   емдеу

үшін   қолданады.   Халық   медицинасында   жаңа

жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі

ретінде   қолданылады.   Алоэның   су   тұнбасы   тәбетті

толықтай   ашады.   Академик   В.П.Филатов   алоэның

жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі

осы   уақытта   алоэ   жапырағында   негізгі   заттар

жинақталады.   Олар   ұлпа   жұмысын   жақсартады.   Бұл

заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс

көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі.

Тері   сыртындағы   іріңді   жара,   күйік,   қағынған

жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады.

Көздің   де   әр   түрлі   жұқпалы   аурулары   үшін

қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық

жарасында.,   асқазан   ауруларына   қарсы   қолданады.

Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті

осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте,

кейін   Индияда,   Италия,   Грецияда   сыртқы   күйіктерге

арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін

жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен

борсық майын қосып туберкулезді емдейді.



Алоэның басты ем болатын аурулары және

қолданылуы

1.  Иммунитет   көтеруде:  500   г   жаңа   кесілген   алоэ

жапырағын   грек   жаңғағы   дәнімен   араластырып,   ет

тартқыштан   өткіземіз.   Оған   1,5   стакан   бал

араластырып,   тамақтан   соң   бір   ас   қасықтан   күніне

3мезгіл бір ай ішу керек.

 ---9 ---



 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

2.  Тісті     ауырғанда  алдымен   тұзды   сумен   жуып,

алоэдан   1   г   ұнтақтап,   оны   тіске   басады.  3.Сыртқы



жарақаттан  қан   шыққанда   алоэден   лайықты

мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.



4. Демікпеге  жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет,

әр ретте  5 мг ішеді. 



5.Шиқан   шыққанда,  іріңді   жараларды   алоэның

жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның

соқтасын   соруға,   тез   жазылуына,   әрі   қарай

созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі. 

                    Сондай-ақ   адамның   тәбетін   ашуға,   іш

тоқтатқанға,   асқазан   ауруына,   ішек   аурулары   мен

баспаға   жақсы   ем.   Бал   қосылған   алоэ   шырыны

туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады. 



Халық қоспасы

Қоспа № 1

Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын

араластырамыз   және   де   бал   қосамыз,   май,   100

бөліктей   какао,   алоэның   жапырағының   15   бөлігін   1

шай қасық сөлді 1 стакан   сүтке қосамыз. Туберкулез

кезінде күніне 2 рет қолдану керек. 



Қоспа  № 2

                      Әлсіреткіш   қоспа   ретінде   келесі   қоспа

дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге)

қолмен   езіп,   300   гр   ыстық   бал   қосады,   қайнағанға

дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ

ішер   алдыднда     1   сағат   бұрын   әр   таңертең   5-10   гр

қолдану қажет. 

Қоспа № 3

          Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-

4   тамшы   қолданады.   Мұрын   қуысы   ауруына

қолданады. 



Қоспа № 4

                   Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы

күніне 3 рет шай қасықтың 1/2  бөлігін пайдаланады. 

Қоспа  № 5

Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын

таңады. 

Қоспа  № 6

          Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан

өткіземіз.   Бал   қосамыз.   Асқазан   қыжылына   1   шай

қасықтан қолданады. 



Қоспа  № 7

Суық   тиюге   2-3   сағат   аралығында   5-6   тамшы

пайдаланады. 

                                             Алоэ сөлінің адам 

ағзасына әсері  зерттеу нәтижесі.

Тәжірибе №1

Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.

Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу 

Мақстаы: Жағдайын жақсару

Уақыты: 24,25,26 қараша 2012 жыл 

Зерттелуші: Айткулов  Жарас  

Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 

тамшы соль тамызу    

Қорытындысы: Жағдайы жақсы

Ұсынылады:   Алоэ   сөлі   ағзаның   қызметін

жақсартады.Күнделікті   қолдану   мұрын   қуысын

жақсартады. 



Тәжірибе № 2

Алоэның күйікпен жараға әсері.

Зерттеу әдісі: Жараға таңу.

Мақсаты: жара мен күйктің жазылуы 

Уақыты: 01-03 желтоқсан 2012 жыл 

Зерттелуші: Танабаев  Есімжан 

Зерттеу барысы: күйкпен жараға компрес жасау немесе

жапырағын кесіп таңу.

Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы 

Ұсынылады:   Алоэ   күйік   пен   жараны   жазады,

актисептикалық жағдай туғызады.   

Тәжірибе № 3

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері. 

Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.

Мақсаты: Ауырғанды басады.

Уақыты: 15-16 желтоқсан 2012 жыл.

Зерттелуші: Жадигерова Асель

Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен  шаю. 

Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады. 

Ұсынылады:   Күнделікті   қолдануда   ауыз   қуысының

ауруларын жазады. 



Тәжірибе № 4

Туберкулез және өкпе ауруларына.

Зерттеу әдісі: Күніне 2 рет ішу, кешке және таңертең

ыстық 1стакан сүтке 1 қасық сөлді араластырып ішу. 

Мақсаты: Туберкулез таяқшасын жою.

Уақыты: 30 қараша 30 желтоқсан аралығы 2012 жыл.

 Қорытындысы: Жөтелі тоқтап, өкпе тұсының шаншуы

басылды.


Ұсынылады: Күнделікті қолдану

Алоэның  қарсы көрсетілімдері

-өт жолдары аурулары

- бүйрек, бауыр аурулары

- гипертония

-гемморой

-жүктілік мерзімі



Қорытынды 

                            Денсаулылғымыз   мықты   болуы   үшін

батпандап кіріп,мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ

үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-

ақ   емдеп   жазуға   болады.   Дәрілік   өсімдіктермен

айналысу   денсаулығымызды   сақтауға   көмектеседі,

отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын

қорғауға да атсалысамыз. 

             Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге

оқушылар   кішкентайынан   мән   беріп,   өз   игілігіне

қолдана   білсе,   шипаны   алыстан   іздемейді.   Дәрілік

өсімдіктерді   пайдалану  денсаулықты   сақтаумен   бірге

 ---10 ---


 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

қазіргі   нарықтық   заманда   отбасылық   қаражатты

үнемдеуге   көмектеседі.   Дәрілік   өсімдіктер   жанға

шипа, дертке дауа болады. 

             Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны.

Өзінің   әсемдігімен   көздің   нұрын   алады,   гүлдеуі   өте

сирек,   бірақ   та   жұмыс   жазу   барысында   ұққаным

өсімдік   көптеген   пайда   әкеледі.   Мен   өз

сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма

байланысты   сауалнама   жүргіздім.   Алоэны

сыныптастарымның   арасында   кеңінен   насихаттадым.

Ерте   заманнан   дәрілік   өсімдіктердің   қасиетін   ата-

бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің

тәттісі жоқ»  дегендей  қазіргі заманда химикат дәрілер

көбейіп   жатыр.   Олардың   адам   ағзасына   тигізетін

зияны көп. Өсімдік  адам  үшін   азықтың  қайнар  көзі.

Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың

алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы

өте зор. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.

 



Ж.А.Адаев.

 

Р.Н.Нұрғалиев.



 

Шаңырақ


энциклопедиясы.

 2. Ж.Жатқанбаев.Өсімдік және адамзат.

3.   М.Қожабеков.Дәрілік   өсімдіктер.   Алматы,

«Қазақстан»1982.

4.   .М.Оспанова,   Ж.Лұқпанов.Өсімдік   жанға   шипа,

дертке дауа.

5.В.Г.   ПышинскийЛечение   травами   Ленинград

«Наука»1990

6. Денсаулық журналы №8   2006 жыл.

Аннотация

Зерттеудің  мақсаты : Алоэ өсімдігін зерттей отырып

емдік   ерекшеліктерін   тиімді   пайдалану   және

насихаттау. 

Зерттеу   жұмысының   негізгі   болжамы:  Алоэ

өсімдігінің   емдік   ерекшелігін   пайдалану   арқылы

көптеген аурулардың алдын алуға болады.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

- Тәжірибелер жүргізу;

- Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;



Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты

сипаттама берілді;

-Алоэ   өсімдігінің   емдік   қасиеттерінің   тиімді

пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Ғылыми   -   әдебиеттерге   шолу   жасау   арқылы   алоэ

өсімдігіне   жан   –   жақты   зерттеу   және   емдік

ерекшеліктерін   көрсету   жұмыстың   теориялық   мәні

болып табылады.

               Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік

қоспаны  көпшіліктің  тұрмыстық  жағдайда жасап

пайдалану   мүмкіндігі   яғни,   қолжетімдігі

жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

Ешмакова Карлыга Избасаровна

Новый орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі.

Пәні: Сауат ашу. 

Сыныбы: 1»А» 

Сабақтың тақырыбы:           А дыбысы мен әрпі.

Міндеттері:1. білімділік: А дыбысы мен әрпі 

таныстыру.Алғаш рет танысатын әріптерінен келетін 

сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді

білуге үйрету.



2. дамытушылық: Сөздік қорын байыту., тіл 

байлықтарын дамыту. Дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем

құрау қабілеттерін дамыту.

3. тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа, бір-бірінің 

ойын түсінуге, бірін- бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың түрі: Ойын, мерекелік сабақ.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, көрнекілік.

Технология: дамыта оқыту.

Пән аралық байланыс: дүниетану, математика.

Көрнекілік: көкеністер, жемістер, заттық суреттер, а 

әрпінің баспа, жазба түрі, себет.



Қажет құралдар: интербелсенді тақта, бор, тақта.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру.

2. Психологиялық дайындық. 

1. оқушылар бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі 

отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа ата-аналарымыз, 

апайлар келіп отыр амандасып алайық.

Оң жақтағы көршіге

Сол жақтағы көршіге 

Қайырлы таң дейміз

Содан кейін баршаға

Сәттілік біз тілейміз.

Партаға отырып. Шырылдады қоңырау

                               Біз сабақты бастаймыз.

                              Жақсы білім алуға

                              Алға қадам бастаймыз.



Психологиялық дайындық: Төртбұрыш неге 

ұқсайды.(оқушы ойы)



Мұғалім: ал, балалар  маған ғаламтордан көмекші 

апай келіпті. Ол  кейбір тапсырмаларды  дыбыс 

шығару арқылы  көмекші апайдың дауысын 

естейсіңдер.



Мұғалім: Балалар жаңбырдан кейін аспаннан не 

көрінеді? (кемпіпқосақ)

Кемпірқосақ қандай болады? әртүрлі болады.түстерін 

атау.


Өткенді қайталау: 

Қызыл түстегі тапсырма: Сұрақ- жауап.

 ---11 ---



 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

Біздің Отанымыз қай ел?  Қазақстан.



Мәтін: Бағылан: Менің Отаным –Қазақстан.

Қазақстан – үлкен ел. Бас қаласы-

Астана.Қазақстанның жері бай. Жерастында қазына 

өте көп. Биік тауларымен, мұнайымен, егінімен көзге 

түседі.Қазақстан жан- жақты гүлденген елге айналады.

Инт. Тақтадан Қазақстан картасын көрсету.

2. Ел басшымыз кім? Н.Ә. Назарбаев.

3.Еліміздің бас қаласы қай қала? Астана.



Тақпақ. Еділ Ақниет: Отанымның төрінде,

                                     Сарыарқаның өрінде.

                                      Ту ұстаған Астана.

                                      Әсем қала, бас қала.



Тақпақ. Хамза Ержан: Отан деген-Атамекен

                                      Отан деген- туған жер.

                                      Отан ана, Отан пана,

                                       Қазақстан- туған ел.

3. Қай ұлтпыз? Қазақ.

4. Қай тілде сөйлейміз? Қазақша.

Олай болса 21 қыркүйек Тіл мерекесі екен. Өз тіліміз 

қазақ тілін құрметтеуіміз керек. Басқа тілді да 

үйренуіміз керек, қазақ тілін  ұмытпауымыз керек 

екен.


Тақпақ. Жұмағали Ұлболсын.

             Ана тілің- біліп қой.

            Бостандығың, теңдігің.

            Ана тілің- біліп қой

           Мақтанышың елдігің.

5. Еліміздің рәміздерін ата?  Елтаңба, ту, әнұран.



Тақпақ. Серік Гүлназ. Құт береке шаңырақ

                                     Орын алған ол төрден.

                                     Қанатты  қос арғымақ.

                                     Екі жақтан көмкерген.



Тақпақ. Ізбасар Мерхан. Көк аспандай көкпеңбек,

                                          Қазақстан жалауы.

                                          Көк емес ол тектен- тек,

                                          Елдің ашық қабағы.



Тақпақ Саин Әли          Бұлт баспасын күнімді

                                         Тарылмасын өрісім

                                         Биік ұстау туымды

                                         Қасиетті борышым 



Қызғылт түстегі тапсырма. Отбасы дегеніміз не? 

Кімдер жатады? 

Отбасы мүшелерін орнына қою( жеке жұмыс) 

Тапсырма: Сурет бойынша сөйлемнің сызбасын 

сызамыз. Диктант.(Әр оқушыға парақша таратылады)

1. Айгүл гүл терді.     2. қозы шөп жеді.            3. мысық

жіппен ойнады.

Сары түстің тапсырмасы: Мектеп құралдар 

Жұмбақ жасыру.№1 

Сурет бойынша буынға бөлу,  Сөйлем құрау.

Жасыл түстің тапсырмасы: ( сурет арқылы көкөніс 

пен жемістерді ажырату.)

                                                   

   Бақ пен бақша



Көк түстегі тапсырма: Аңдар мен жануарлар.

№3  жұмбақ шешу  жауабын орнына қою.

Бекіту: Әліппеге дейінгі кезеңде не туралы үйренген 

екенбіз?


(Отан, отбасы, мектеп, аңдар, үй жануарлары)

Сергіту сәті: Оңға, солға түзу тұр.

                      Алға қарай бір адым, артқа қарай бір 

адым

                     Жоғар, төмен  қараймыз, орнымызды 



табамыз.

Мағынаны тану: 

Мұғалім: Балалар ортаға бір аң келеді. Танып 

алуымыз керек.(Аю)

Осы аңдың тісі ауырып қалыпты. Қайда бару керек.

(Тіс дәрігеріне)

(Инт. Тақтадан тыңдау)  А-А-А дыбысын айту.

Сурет арқылы сөздерді айту. АТА, АҒА,АРБА, АТ, 



Оқулықпен жұмыс. А дыбысының баспа, жазба 

түрімен таныстыру.



Жеке жұмыс. Үш таяқшамен А  әрпін салу.

Суреттерді атау. Буынға бөлу.  Өз сыныбымызда А 

дыбысынан

келетін ұл-қыздардың атын 

білемізбе. Ал

қаланың атын білеміз бе? 

(Ақтөбе,

Алматы; Астана, Ақтау,Атырау 

т.б)

                     А

Дәптермен

жұмыс. Жазылуын тыңдаймыз.

(Инт. Тақтадағы

тапсырмаларды орындау) 

Жеке жұмыс:

Асық суретін көрсету. Түсінік 

беру.(Асық ұсақ мал қой, ешкінің асықты жілігінен 

алынатын жұмыр сүйек. Асық мергендікке,  ептілікке 

баулыйды)

Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныс тық. 

А- қандай дыбыс екен?

Суретті жұмбақ шешу.  

АЙ+ГҮЛ,   АЛМА+ГҮЛ

Алма суретін көрсете отырып бес жолды өлең.

-

Не? –Алма



-

Қандай?-қызыл, жасыл, тәтті.

-

Не істейді? -өседі.



-

 Сөйлем. Алма өте пайдалы.  Алма ағашта  

өседі.

Бағалау.      өз-өздерін бағалау. Құттықтау сөз.



Сабақ аяқталды. Назарларыңызға  рахмет!

 ---12 ---



 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

«Егінсу орта мектеп – бақша» КММ

технология пәні мұғалімі

Саттемирова Зейнеп  Ғанитуллақызы

                                  Технология пәнін пәнаралық 

байланыста ұштастыра өткізу

«Өнерліге өріс кең» ашық сабақ



    Сабактың тақырыбы:  Аққу киелі құс.

    Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ою  жайлы 

мағлұмат бере отырып,

 «Аққу» оюының жасалу әдісін үйрету.

     Білімділік мақсаты: Оқушыларға ұлттық өнер 

түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылық 

қабілетін дамыту.

    Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше ұқыпты, 

тиянақты жұмыс істеу  дағдысын қалыптастыру.



    Тәрбиелік мақсаты: Халықтың асыл мұраларына 

салт-дәстүрін, өнерге жақын   болуға тәрбиелеу. 

Қолөнер арқылы ісмерлікке, төзімділікке, 

сабырлылыққа тәрбиелеу.



    Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

    Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақты  

сараптамалау.

    Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап 

деңгейлік тапсырма,  білім сайысы.

    Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, тарих, 

әдебиет, музыка,  технология.

    Сабақтың көрнектілігі: Ою-өрнек түрлері, буклет, 

Аққу макеті; 

« Қол өнері – ой өнері » тақырыпқа көрме. Нақыл 

сөздер.


Сабақтың керекті құралдары: Түрлі-түсті қағаз, 

қайшы, желім, жұмыртқаның қабығы,күріш, ине, жіп, 

мата, біз т.б.

    Пайдаланылған әдебиеттер: М.Ш. Өмірбекова 

«Қазақ халқының дәстүрлі 

     өнері. Қазақтың ою-өрнектері», З.Мұхаметжанұлы 

«Қазақтың кесте 

    өнері», Қ. Болатбаев «Сәндік қолданбалы өнер», 

М.Мақатаев «Аққулар

       ұйықтағанда» поэмасы.

    Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру.

    1. Оқушының арнайы  киіміне көңіл бөлу, жұмыс 

орнының дайындығын

         тексеру.

    2.Сабақтың тақырыптарын, мақсатын түсіндіру.

    3. Топтармен таныстыру.

   Кіріспе мұғалімнің сөзі

-

Адамның жеке тұлға ретінде дамуына 



себепкер  болатын нәрсе – еңбек. Еңбектенген адамнан

өнер туады. Өнер мен еңбек егіз ұғым. «Өнер көзі – 

халықта» дейді дана халқымыз.Халықсыз  өнер, 

өнерсіз халық жоқ дегендей бүгін 7 сынып 

оқушыларымен  өтетін «Өнерліге өріс кең» атты 

сабаққа «Өнер», «Шебер», «Мұрагер», «Мирас» 

топтары қатысып отыр.

II. Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша өз ойларын 

ортаға салады.

«Өнер» тобы  Ұраны: «Ою -өрнек сырын ұқтық 

жалықпай,

                                           көкірегіміз шежірелі 

сандықтай»

Қазақ ою-өрнегінің тарихы 

Ою-өрнек   өте   ежелгі   өнер.Оның   ұзақта   қызықты

тарихы

 

бар



Ежелден     келе   жатқан     кәсіп   қолөнер   халықтың

өмірімен,   тұрмысымен бірге     дамып,       ұрпақтан -

ұрпаққа     беріліп     отырады.   Қолөнер       шеберлері

оюмен       танылады.     Орнамент   -   әсемдеу,       сәндеу

деген   ұғымды   білдіретін  латын  сөзі  қазақ  тілінде

ою-өрнек  болып  алынып  жүр. Бұл сөздің  ұғымы  бір

нәрсені  ойып,  кесіп алып  жасау   немесе  екі   затты

оя     кесіп    қиюлас- тырып        жасау,    бір   нәрсенің

бетіне       ойып       бедер     түсіру      деген       мағынаны

білдіреді.. Халқымыздың    ежелгі    ою -  өрнектердің

мазмұнында     қолөнер       шеберлері     ғасырлар     бойы

сақтап     келген     дәстүр     де     кеңінен   қамтылған.

Шеберлер     өздерінің       қолөнер     туындыларына

табиғаттан     алынған     бейнені       дәлме-дәл   түсіруге

ұмтылған. 

 

«Шебер» тобы.  «Ойы ұшқыр, сезімі жоғары



                                қиялы терең адам болайық»

Қазақ ою - өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан

өнер  туындысы.  Халқымыздың  қай  қолөнер  саласын

алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай

отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқаның көреміз.

Оюлардың   ежелден   келе   жатқан   нұсқаларында

элементтер   құстың,   гүлдің,   жануарлардың   түрін

тұспалдап тұратын белгілі. 

Көне түркілердің түсінігі бойынш, құс – көктің, балық

–   судың,   ағаш   –   жердің   белгісі.   Бұйымдарда   жан   –

жануарлардың   мүйізі,   дене   мүшесі,   тұяғы,   құстың

тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің

құйрығы   т.б.   және   өсімдіктердің   түрлері   кеңінен

белгіленген.   Қазақ   ою   –   өрнегінің   арқауы   болған

«мүйіз»  оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда,

жаңа   мазмұнда   қолдануда.   Демек,   ою   –   өрнек

көнермейді, ол заман ағымынына қарай өз дәуіріне сай

өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді. 



     «Мұрагер» тобы: «Халықтың игі дәстүрі,

                                     біздің асыл мұрамыз».



Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары

көп және оюдың элементінде терең мағына, үлкен мән

бар. Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері бай

мұра, сарқылмас қазына.  Өрнектердің  шығу тарихы,

адам   өмірімен,   тұрмысымен     байланысты     екенін

көрсете   келе     олардың     даму   ерекшелігін,   дәуірдің,

адам  баласының  сана-сезіміне қарай  өрнектің  таңба,

элементтердің     дамуы   мен   өркендеу     ерекшелігін

байқауға   болады.Ғалымдар   ою-өрнектердің   200-дей

 ---13 ---


 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

түрін анықтады. Ғылымда ою - өрнекті    хайуанаттық

(зооморфтық),   өсімдік   тектес  (көгеніс),  ғарыштық

(космологиялық) ,  геометриялық   деп   бөледі. Қазақ

халқының   ою-өрнектер   бейнеленетін       қол       өнер

бұйымдары  бір неше  түрге  бөлінеді.  Олар  ағаштан

жасалған,  теріден,  жүннен,  т.б. Ою-өрнектер  өзіндік

ерекшелігін   сақтай   отырып,   белгілі   бір   тәртіппен

орналасқанын    көреміз. Оюлардың   ежелден    келе

жатқан     нұсқаларында   құстың,   гүлдің , жануардың

түрін     тұспалдап     тұратыны   белгілі.     Әр     оюдың

өзіндік     мағынасын     түсіне     отырып,   қабырғаға

әсемдік  үшін  ілетін  болған.   

      «Мирас» тобы.   «Өнер тамған он саусақ,

                                     үзілмейтін ырысың»

 Қазақ   халқы   ою-өрнекті   киелі   санаған. Мәселен

қабырғаға тұтылған тұскиіз  бен  кілемдегі  өрнектерге

біраз     зер     салып     көріңіздер.   Қараған     сайын     ой-

қиялдарың   оянып,   сол   ою-өрнектер,  бейнелер  мен

сызықтар   арқылы       шеберлердің       не     айтқысы

келгенін     байқайсыздар.  Халықтың   рухани   өмірі:

ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты

оюлар.   Мысалы,   қазақ   халқының   ерте   кезден   бергі

әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға

күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан

кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған.

Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан

кейінгі   тұрмыс   жағдайын   ою-өрнекпен   бейнелеп

жіберуі   шарт.   Осы   салт   бойынша   тұрмысқа   шыққан

қыздың   үйіне   жіберген   сәлемдемесінде   “құсмұрын”

бейнесі   салынған   сәлемдеме   келсе,   ата-анасы   одан

баласының   барған   жерінде   құстай   ерікті,   басы

бостандықта,   жағдайы   жақсы   екенін   ұғатын

болған.Сол сияқты  орамалдың    бетінде  ұшқан   құс

пен  бүршік  атып  келе  жатқан   гүл  бейнеленсе, ата –

анасы қызымыз  құстай  емін – еркін, жайраңдап  өмір

сүріп     жүр   екен,   -деп     мәз     болысады.  Сонда     әр

өрнектің  астарында  алуан  мағына бар. 

III.  Жаңа сабақ

Ою-өрнек халықтың мәдени шежіресі. Халқымыз қай 

заманда болмасын сұлулыққа ұмтылған, әсем 

дүниелер жасауда қоршаған табиғаттан үлгі алған. Ой 

ниетін ою - өрнек тілімен тұспалдап жеткізген. Көне 

түркілердің түсінігі бойынша құс – көктің, балық – 

судың, ағаш – жердің, белгісі болған. Бүгінгі сабақта 

«Аққу» бейнесін (оюын) әр түрлі тәсілдермен 

өрнектеп үйренеміз. 

IV. Сабағымызды әрі қарай қазақ тілі мұғалімі 

жалғастырсын.

Аққуды халқымыз киелі құс деп санайды, олар қамыс 

арасына ұя салады, өсімдікпен қоректенеді. Аққу 

құсын сұлулықтың, тазалықтың, таза сезімнің символы

деп бағалаған. Көлдің сәні айдынның еркесі деп 

ақындар өлең жырларын арнаған. М Мақатаевтың  

«Аққулар  ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқу.  ........

Оюдың адам баласын тигізер әсері мол. Адам ойын бір

жүйеге   келтіреді,   денсаулыққа   пайдалы   жағы   да   аз

емес.   Ол   жүйке   қызметін   ретке   келтіруге   ,   ашуды,

қайғыны   басуға   ықпал   етеді   .Бұл   туралы   Зейнеп

Ахметова   апамыз     Бауыржан   ата   туралы   жазған

естеліктерінде   көптеген мысалдар келтірген. Атамыз

жазып   отырған   еңбегі   өнімсіз   болған   кезде   қолына

жедел қайшы мен қағаз  алып, түрлі  ою ояды екен.

Өткенді  еске  алып, ойға  толам,

Сұрыптап  тезге  салып, көп  ойланам,

Ой түбіне  жете  алмай  титықтасам,

Қолыма  қайшы  алып, ою оям – деп  Б. Момышұлы  

атамыз  айтқандай бізде «Аққу» оюын бейнелейік. 

«Аққу» оюы ою - өрнектің құстарға байланысты 

өрнектер тобына

жатады. Әрбір өрнектің өз орнын табуы, орындалу 

техникасы, түс үйлесімдігі  материалдың  сәйкестігі  

өнерді  жасайтын шебердің шеберлігіне байланысты.

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік 

ережесін еске түсіріп алайық. 

 Бұл жұмысты әр түрлі жолмен жасауға болады.

Топтың әрбір мүшесіне деңгейлік тапсырмалар 

жазылған карточка тарату.

 Сурет, бейнелеу пәні мұғаліміне сөз берейік: 



  V. Сарамандық жұмыс:    (20-25 минут)

1.Аққу құсын бейнелеу.

  а) майлы бояу (гуаш)

  ә) сулы бояу

  б) бүрку әдісі

г) графика  (ақ пен қара)     

д) қарындашпен орындау

е)Ермексазбен, қамырмен  мүсін жасау

Тапсырма бойынша топтың әрбір мүшесі жұмыстарын

орындайды.

2. Жапсырмалау

 а) түрлі – түсті қағазбен

 ә) матамен жапсыру

 б)күрішпен

 в) жұмыртқаның қабығы

 г) мақтамен

 д) Моншақпен 

Жіппен бейнелеу, Гобелен әдісі, кесте өнері. 

Өнер деген табандылықты, төзімділікті, уақытты талап

етеді. Әр топтың жұмысын тексеріп бағалау. 

Топ   мүшелері     әркім   өз   тапсырмасын   орындап

жатқанда,     әр   топтан   бір   оқушыдан   шығып,   білім

сайысын өткізу

VI.Сайыс мақсаты:  Оқушылардың білімі мен жан –

жақты ойлау қабілеті, ой  ұшқырлығын сынау, білімін

дамыту,   өз   ойын   еркін   жеткізе   білу   дағдыларын

қалыптастыру.

Сайыс  төрт кезеңнен тұрады.

1-кезең Бәйге

2- кезең  «Сөздің көркі мақал»  Жалғасын табу

3- кезең   «Жеті жұмбақ.»

4- кезең   «Білесіңбе?» Киелі сандар құпиясы.

 ---14 ---



 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

Біздің күнделікті іс - әрекетіміз білімге, оқуға үйренуге

бағытталған.

Бірақ   менің   ойымша,   бұл   қасиеттерге   қоса   адамға

шапшаңдықта өте қажет.

Сонымен бәйге жарысының шарты:

Жауап   нақты,   тез   болуы   керек,   қол   көтеріп   жауап

береміз.


                                        Сабақтан көрініс

1-кезең Бәйге

- Ою-өрнек неше топқа бөлінеді (Төрт топқа)

-Жібек мата неден алынады? Тұт құртынан)

-Матаны ылғалды жылумен өңдеу дегеніміз не? (Эл. 

үтігімен үтіктеу)

- Тігін машинасының ең алғашқы жобасын ұсынған 

кім? (Леонардо до Винчи)

- Мода қай елдің сөзі?  (Франуз)

- Аққу қандай құс?  (Киелі құс)

- «Сыңар мүйіз», «түйе табан» оюы ою-өрнектің 

қандай түріне жатады? (Жан-жануар)

- Ою-өрнек дегеніміз латынның қандай сөзі, мағынасы 

қандай?  (Орнамент-әшекейлеу)

-Симметрия дегеніміз не?  (Ою-өрнектің екі жағына 

тең болуы)

-Зығыр, мақта қандай талшықтарға жатады?   (табиғи)



2- кезең  «Сөздің көркі мақал»  Жалғасын табу

  Аққуды   атуға,   --------------(   достықты   сатуға

болмайды)

 Мал жұтаса да,----------- (өнер жұтамас)

 Өнер іздеген өсер,--------(өсек іздеген өшер)

 Сабақты ине ----------(сәтімен)

 Асыл қайшы пішуге сән ---------  (Күміс қасық ішуге 

сән)


 Доссыз адам --------------(тұзсыз ас)

 Егінші жылда арманда ---------------(Балықшы күнде 

арманда)

 Өнерлі болу-зейнет, --------------- (Өнерсіз болу бейнет

 Отыз тістен шыққан сөз, -------- (Отыз елге тарайды)

3- кезең   «Жеті жұмбақ.»

1. Пайдаға жарады отынсыз жанады.   (Газ)

2.Асқа бармайды, аспаздан қалмайды. (Алжапқыш)

3. Иесі анық - сәби, әрі, төсек, әрі үй. (Бесік)

4. Садақша мойнын иілтіп, көрген жанды сүйсінтіп,

    Жүзгенде көлдің сәні өзі, судағы құстың нәні өзі.

    Жердегі құстың серкесі, көктегі құстың еркесі.  

(Аққу)


5. Өзі кірден арылмас, ізінен кір табылмас. 

(Сыпырғыш)

6. Аттан биік, қойдан аласа.  (Ер – тоқым)

7.Төбесінен бу шығады, аузынан су шығады. 

(Самауырын)

4- кезең   «Білесіңбе?» Киелі сандар құпиясы.  (3,5,7

сандар туралы білетіндерін сұрау)

3 саны:

3 арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ.



3 тәтті: жан тәтті, жар тәтті, бала тәтті.

3жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

3 би: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.

3қонақ: арнайы, құдайы, қыдырма. т.б

  5 саны:

  5 қару: садақ, мылтық, найза, айбалта.

  5 мүше: көз, құлақ, ауыз, тіл, мұрын.

    5   жақсы:   қара   нар,   жүйрік   ат,   қалы   кілем,   алмас

қылыш, бұлғын ішік.

   5 жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.

      5 асыл, дұшпан:

       Бес нәрседен қашық бол,

       Бес нәрсеге асық бол,

       Адам болам десеңіз.

             ... Өсек, өтірік, мақтаншақ,

                  Еріншек бекер мал шашпақ,

                  Бес дұшпаның білсеңіз.

                  Талап, еңбек, терең ой,

                  Қанағат, рақым ойлап қой,

                  Бес асыл іс көнсеңіз.

7 саны:

-Жеті қазына, жеті күн, жеті шелпек, жеті жетім, жеті



ата,жеті жоқ, жұт жеті ағайынды.

7 жұт: құрғақшылық, жұт (малдың қырылуы), соғыс,

оба, топан су, зілзала, өрт.

7   жоқ:   Жерде   өлшеуіш   жоқ,   Аспанда   тіреуіш   жоқ,

таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр

жоқ, аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ                            



Сабақты қорытындылау

 ---15 ---



 ------------------------------------------------------- ----«Республикалық 45minut.kz» газеті – 26 наурыз 2014 ж | № 11-12 (87-88)

 

   Қорыта  айтқанда   ою-өрнек  дегеніміз-дәлдік,  есеп,



теңдік,   үйлесім,     жарасым,   сәндік,     көркемдік,

парасаттылық,     жылылық,     сұлулық,     ойлылық,

ақылдылық,   зеректік,    көңілге    шабыт,     шаттық

ұялатады,           ептілікке,   іскерлікке,     шеберлікке,

икемділікке,  дәлдікке   баулиды,  тәрбиелейді.  

 Ою-өрнек  өнерге  деген  махаббат,  сұлулыққа  деген

құштарлық  жиынтығы. 

«Бір   нәрсеге,   не   өнерге   талпыну   үшін   адамға

алдыменен   табандылық   қажет»   деп   Әл   Фараби

бабамыз   айтыпты,   табанды,   еңбектене   білсеңдер,

мақсатқа жетесіңдер.

Үйге тапсырма:  Жұмыстарды толық аяқтау.

 ----------------------------------------------------------



МББ аты: «Республикалық 45minut.kz» газеті 

МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша 

Шығу жиілігі: аптасына 1 рет

Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы

Меншік иесі: «Нагиева Ш. Б» ЖК (Ақтөбе облысы)

Бас редакторы: Нагиев И. Б.

Негізгі тақырыптық бағыты: 

білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық



Байланыс: E-mail: 

45

   minutkz@mail.ru



Телефон: 8 777 087 6843 (Редакция)

«Республикалық 45minut.kz» газетіне жарияланған

ақпараттардың авторлық құқы ақпарат авторына

тиесілі, редакция жауапты емес. Жарияланған

ақпарат авторларының пікірлері редакция

көзқарасын білдірмейді.

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және

ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат

комитетінде тіркеліп, 

2012 жылғы 19 наурызда № 12341-Г куәлігі берілді.

Тапсырыс:   №         Таралымы: 3000 дана.

Газет «Хабар-Сервис» ЖШС-ның баспаханасында

басылды. 

 ---16 ---

ою - 


өрне

ктің 


     

пайд


асы

сұл


ул

ық, 


ойл

ыл

ық



сән

дік, 


көр

кем


дік

дәл


дік

ке 


бау

лид


ы

үйл


есі

м, 


жар

асы


м

есе


п, 

тең


дік

епті


лікк

е, 


шеб

ерлі


кке 

көңіл


ге 

шаб


ыт,   

шатт


ық 

сыйл


айды

пара


сатт

ылы


қ

жыл


ылы

қ

Document Outline

  • Давлетова О.М.
  • учитель математики
  • высшей категории
  • С(В)ОШ №44, г.Актобе
  • Работа со слабоуспевающими и неуспевающими
  • учащимися на уроках математики в вечерней школе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет