Бөлім:
|
6-бөлім: Су – тіршілік көзі. Морфология
Есімдік, оның мағыналық түрлері
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Болтекова Дамеш Советбайқызы
|
Күні:
|
26.01.2022ж
|
Сыныбы: 6
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Судың түсі қандай?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
6.1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;
6.4.4.1. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Сұрақтарға жауап бере отырып,шынайы өмірмен байланыстыра алады
Көпшілік оқушылар үшін:
Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіне алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдана алады.
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
8 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Айтылым. 1-тапсырма. Судың үсі қандай? Дәмі бола ма? Иісін сезінуге бола ма?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Есімдіктердің ережесін жаздырып, магынасын түсіндіреді.
|
Жазылым.
2-тапсырма.
Көк және ақ
Және ақ түстер мен байланысты жер-су атауларын топтастырыңдар.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
Түстермен байланысты жер су атауларын топтастырады.
|
6-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
№3-тапсырманы орындатады.
Талқылауға арналған сұрақтарға оқушылар жауап береді
|
Жазылым.
3-деңгейден тұрады. Бөліп барлығын топпен бірге жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы калыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-3-деңгейден тұрады. Бөліп барлығын топпен бірге жазады.
-Топта талқылайды .
|
6-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
5-тапсырма. Мәтінді зейін қойып тыңдатады.
|
Айтылым.
5-тапсырма.
Мәтіндегі ақпараттың дұрыс бұрысын анықтап, пікірталас болады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
- Мәтіндегі ақпараттың дұрыс бұрысын анықтап, пікірталас болады.
|
6-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
|
Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
|
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
|
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
|
«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|