Сабақтың тақырыбы: Табиғат жəне музыка Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет21/28
Дата22.09.2023
өлшемі367,05 Kb.
#109771
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
3 сынып КМЖ

Білім беру ұйым атауы

№15

Пәні:

Музыка

Бөлімі:

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Жұбанов

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;

        1. – музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау жəне ажырату;

        2. – ұлттық, үрлемелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату;

3.1.3.6– нотамен қарапайым əуендер орындау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды және салыстырады.
Көпшілік оқушылар: ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажыратады.
Кейбір оқушылар:Өз шығармашылығын танытады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады: 
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!
1-тапсырма. Әңгімелесу.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906– 1968) – композитор, дирижёр, қазақ музыкасын зерттеуші, көрнекті ғалым. Ақтөбе облысында дүниеге келген. Алғашқы қазақ оркестрін ұйымдастырушы, дирижёр. Оның «Би күйі» мен «Қарлығаш», «Ақ көгершін» әндері елімізге кеңінен танымал.
2-тапсырма. Музыка тыңдау.
Оркестр – орындаудың ұжымдық түрі. Музыкалық шығарма әуенінің ноталары әр аспапқа арнайы жазылады. Оны «партитура» деп атайды. Партитура арқылы бір мезгілде барлық аспаптарда орындалып жатқан дыбысты қадағалауға болады.
3-тапсырма. Ән орындау.
Ақ көгершін
Өлеңін жазған: Н. Баймұхамедов
Әнін жазған: А. Жұбанов
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.
«ҚҚҚ» әдісі
-Мен үшін құнды
-Мен үшін қиын
-Мен үшін қажет

Мұғалім қимылын қайталай отырып жасайды.
Композитор шығармашылығымен танысады.

«Би» күйін тыңдайды.


Әнді орындайды













Оқулық
http://youtube.com/watch?v=cYQeX-4_Ffo


Оқулық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет