3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.1.3.2 – музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ- қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді;
3.1.3.3 –музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды және салыстырады.
Көпшілік оқушылар: музыкалық форманың құрылымын анықтайды.
Кейбір оқушылар:Өз шығармашылығын танытады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты)
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады:
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған, 2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан, 3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен, 4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс, 5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!
1-тапсырма. Қайталау. Ақпарат іздеу. Мына сұрақтарға жауап бер:
-Форма дегеніміз не?
- Сәулет өнерінің қандай формадағы нысандары бар?
-Музыка өнерінде әндерге байланысты қандай формаларды білесің?
Ш
Қ
Ш
Қ
Қ
А
2-тапсырма. Тыңдау және талдау. Ән – вокалдық музыканың бір түрі. Вокалдық музыка – музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. Шумақтық форма – вокалдық музыкадағы ең қарапайым форма. Шумақтық формада музыка (әуені) қайталана береді, ал өлеңі өзгереді. Шумақ және қайырма – вокалдық музыкада негізгі формалардың бірі
3-тапсырма. Ән үйрену. Геометриялық пішіндер Өлеңін жазған: А. Асылбек Әнін жазған: Ә. Бүшікова Балақайлар, қараңдаршы шеңберге,
Ертеден-ақ білесіңдер сендер де. Көк аспандай әп-әдемі дөңгелек, Киіз үйдің шаңырағы ол, демек.
2. Көрдіңдер ме тырналардың қосағын?
Ұшады олар үшбұрыштап аса бір. Қызығамын, көз алдыма тосамын, Көрем сонда киіз үйдің ошағын.
«ҚҚҚ» әдісі -Мен үшін құнды
-Мен үшін қиын
-Мен үшін қажет
Мұғалім қимылын қайталай отырып жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні мен Ақанг серінің «Қараторғай» әнін тыңдап салыстырады.
Әнді үйренеді.
Оқулық
http://youtube.com/watch?v=yLi3dwmXDuw
http://youtube.com/watch?v=19hpbwaPHRU
Фонохрестоматия
Білім беру ұйым атауы
№15
Пәні:
Музыка
Бөлімі:
Өнер
Педагогтің аты жөні:
Акдаулетова С
Күні:
Сынып:
3
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Музыка жəне қозғалыс
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.2.1.1 – музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды және салыстырады.
Көпшілік оқушылар: Музыкалық жанрларды ажыратады.
Кейбір оқушылар:Өз шығармашылығын танытады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты)
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады:
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған, 2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан, 3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен, 4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс, 5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем! 1-тапсырма. Тыңдау және талдау «Қосалқа» биі -Би нені бейнелейді?
-Музыка мен би қимылдары сәйкес келе ме?
- Бишілер қандай ой-сезімдерді би арқылы көрсетті?
2-тапсырма. Ақпарат іздеу. Музыка және би – адам өмірінің айнасы. Себебі қай халық болмасын, музыка, би арқылы өз өмір тіршілігін, арман-тілектерін, түрлі сезімдерін көрсетеді. Би музыкасыз «өмір сүре алмайды» деген сөздерді жиі естуге болады. Байқасаң, әр халықтың биі қашанда музыкалық сүйемелдеумен орындалады. Би өнерінің бай тарихы бар. Ғасырлар бойы би дамып келе жатыр. Қарапайым күнделікті биден бастап, оның басқа да түрлері бар. Бұл қандай билер?
3-тапсырма. Ақпарат іздеу, талдау. Шара Баймолдақызы Жиенқұлова (1912–1991) – биші, педагог, Қазақстанның халық әртісі. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастаған. Қойылған спектакльдерде ойнап, ұлттық билерді биледі. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халық әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеп, сахнада қойды. Керемет биші болғандықтан, халық арасында оны музыкалық-пластикалық өнердің «гауһар тасы» деп атаған.
Болат Ғазизұлы Аюханов 1938 ж. Семей қаласында дүниеге келген. Балет бишісі, актёр, педагог, балет мейстер. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1967 ж. бастап «Алматы жас балеті» ансамблінің іргесін қалаушы әрі жетекшісі. Ансамбль 2003 жылы Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналған. Ансамбль дүниежүзіне кеңінен танымал болды.
Балет – сахналық би өнерінің бір түрі. Классикалық би – хореографияның бір түрі, балеттің негізі.
Заманауи би – жаңаша түрдегі би қимылдары.
Халық биі – әр халықтың салт-дәстүріне, музыкасына негізделген би қимылдары.
Спорттық бал биі – жұптық би. Бұл биде спорт пен биді біріктіріп, бишілер вальс, танго, фокстрот, румба және т.б. билер арқылы би билеу шеберлігін көрсетеді.
Хореография – би шығару өнері. Постер – жарнамаға арналған көркем плакат. Ағылшын тілінде «афиша», «хабарландыру» деген сөзді білдіреді.
«ҚҚҚ» әдісі -Мен үшін құнды
-Мен үшін қиын
-Мен үшін қажет
Мұғалім қимылын қайталай отырып жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Сөзжұмбақты шешеді.
Танымал бишілер туралы мағлұматпен қарулану.