Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу мысалдары. Сабақтың мақсаты



Дата06.01.2022
өлшемі20,98 Kb.
#14324
түріСабақ
Байланысты:
8 сынып


8 сынып № 6 сабақ ____________________8 сынып № 6 сабақ ____________________

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу мысалдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: сәулелену құбылысын және оның ерекшеліктерін түсіндіру, жылу берілу түрлерін салыстыру; табиғаттағы және техникадағы жылу берілу құбылыстарына мысалдар келтіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

  1. Дененің ішкі энергиясы дегеніз не?

  2. Қандай жағдайда дененің ішкі энергиясы өзгереді?

  3. Қандай құбылыс жылу берілу деп аталады? Жылу берілудіңтүрлерін атаңдар.

  4. Ыстық суға салғанда суық метал қасықтың қызу кұбылысының физикалық мэнін ашып корсетіңдер.Осы кезде зат тасымалы жүре ме?

  5. Қандай заттардың жылу өткізгіштігі жоғары, қандай заттардың жылу өткізгіштігі нашар?

  6. Неліктен деформация кезінде оның ішкі энергиясы өзгереді?

  7. Конвекция құбылысы дегеніміз не? Осы құбылысты түсіндіріндер.

  8. Конвекция қандай ортада жүреді? Неліктен?

  9. Конвекция кұбылысының жылу өткізгіштіктен айырмашылығы неде?

  10. Конвекция қандай күштердің әсерінен жүреді?

  11. Еріксіз конвекция дегеніміз не? Қандай жағдайда оны қолданады?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Жанып тұрған алаудын жанындағы жылуды сезіну. Сәуле шығару арқылы энергияның тасымалдануы. Сәуле шығару арқылы вакуумде де энергияның тасымалдануы. Кез келген температурадағы денелердің жылу шығаруы. Дене температурасы жоғары болғанда сәуле шығару интенсивтілігінің жоғары болуы.

Түскен сәулелерді денелердін жұлып алуы және сәулелену энергиясының ішкі энергияға айналуы. Сәулелену энергиясының денелерден шағылуы.

Қара денелердің сәулелену энергиясын жақсы жұтуы.

Денелердің сәулелену энергиясын жұту қабілеттерінің әр түрлі мақсаттарда қолданылуы (әуе шарлары мен самолет қанаттарының күміс түстес болуы; денелерді қатты қыздыру үшін қара түске боялуы, мысалы Жердің жасанды серіктеріндегі приборлар).

Сәулелену арқылы энергия берілудің жылу берілудің басқа түрлерінен айырмашылығы.



Желдің (күндізгі және түнгі бриз) пайда болуын түсіндіру. Тұрғын үйлерді жылыту схемасы. Жылу берілу түрлерін салыстыру.

3-сурет


Тәжірибе көрсету. Сәулелену арқылы жылу қабылдағыш ішіндегі ауаның қызуы (3-сурет).

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

а) §7,8 сұрақтарын талдау.


Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Күннің энергиясы Жерге жылу берілудің қандай түрі арқылы беріледі? Неліктен бұл жағдайда жылу берілудің осы түрі ғана мүмкін?

2) Жылулық сәуле шығарудың көздері.Қандай денелер жылуды жақсы жұтады? Қайсылары нашар?

б) кысқаша тест (10 мин)



1. Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді?

А.Сәулелену.Б.Конвекция.В. Жылу өткізгіштік.



2.Стерженьді бір жақ ұшынан жалында қыздырады. Дұрыс ұйғарымдытаңдаңыз.

А. Стержень бойымен жылудың берілуі конвекция арқылы жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет