4. «Мағынаны таны әдісі ». Жұптық жұмыс: (Бұл тапсырмада жұптарды 1,2, сандар арқылы санап, бөлуге болады. Тапсырманың мақсаты-жоғарыдағы кестеде көрсетілген оқу мақсаты мен қолдану, талдау, сыни ойлау дағдыларын дамыту.) Оқушылар тақтада ілулі тұрған суреттерді таңдап алу арқылы төмендегі критерийлер бойынша жұмыс жасайды:
Ресурстың аты;
Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?
Өндірілетін жері (ірі бассейндері);
Қолданылуы (қай салада);
Кескін картаға таралу аймақтарын түсіру;
Неліктен дәл сол жерде кездеседі?
Ол ресурс сіздің өлкеңізде кездеседі ме?
Дәптерге осы ресурстың кретерийлеріне қатысты 7 сөйлемнен тұратын қорытынды жазу. (Жоғары-7, орташа-5 төмен-2 деңгей)
Ұсынылатын суреттегі ресурстар:
Мұнай;
Көмір (тас көмір);
Темір;
Табиғи газ;
Мыс;
Алмаз;
Р\с
Бағалау критерийі
1.
Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
2.
Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді
3
Табиғат ресурстарының өндірілетін орындарын анықтайды.
4
Табиғат ресурстарының тиімді пайдалануын анықттайды.