-Оқу тапсырмасын орындауда функционалдық сауаттылық
құндылықтары жетіледі.
-Өзін-өзі бағалау ,өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Пәнаралық байланыс
Генетика,эволюция.
Алдыңғы білім
9 сынып.Биология.
9.2.5.2 эволюциялық ілімнің қалыптасуындағы Ч. Дарвин еңбектерінің рөлін түсіндіру;
9.2.5.3 эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау;
9.2.5.4 ағзалардың бейімделушілігіндегі табиғи сұрыпталудың рөлін сипаттау;
Сабақ барысы
Сабақтың Жоспарланған кезеңі
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру.Амандасу,сынып жұмысына дайындықты анықтау.
« Сөздік бинго» әдісі (жеке) Мақсаты: Мәтіндегі кездесетін биологиялық термин сөздерді есте сақтау,өткен тақырыпты пысықтау.
Оқушыларға анықтамалар жазылған «Сөздік бинго»парағы үлестіріледі.Уақытқа сәйкес
термин сөзді бірінші жазған оқушы «Сөздік
бинго» деп дауыстап жеңімпаз атанады.
1....- тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім.
2.... - бір түрге жататын популяциялар ішінде жүретін әрі сол популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына алып келетін эволциялық процестердің жиынтығы.
3.... – жүйелік топтағы даралар санының артуы,таралу аймақтарының кеңеюі.басқа да жүйелік топтарға ажырауы,популяция мен түрдің тіршілік ортасына бейімделуі.
4.... - гендер мен хромосомалар құрылысының өзгеруіне байланысты кездейсоқ орын алып тұқым қуалайтын өзгергіштік.
5.... – гендер мен хромосомалар құрылысының өзгеруіне әкелмейтін,тек гендердің әртүрлі болуынан әр алуан комбинациялар құруына байлнысты кездейсоқ орын алатын жағдай.
6.... – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы.
7....- организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі.
8.... – түрден де жоғары деңгейдегі таксондардың қалыптасуына ықпал ететін процесс