Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда эпиблема, ксилема, флоэма деген сөздер болу керек.
Ол үшін мынадай сөйлемдер дайындап қоямын. Көп нүктенің орнына осы сөздер сай келу керек.
1. ............... – тамырдың бірінші реттік қабығы жасушаларының жоғары бір қабаты. 2. Энтодерма жасушаларының қабатынан кейін – тамырдың бірінші реттік қабығы аяқталады да, ішкі бөлігі – орталық цилиндр басталады. Онда түзуші ұлпа түрі мен екі өткізгіш ұлпа түрі: .............мен флоэма болады.
3. Су өткізгіш ксилема, орталықта «жұлдызша» түзетін және органикалық зат түзетін ................ – «жұлдызша» сәулелері арасында орналасқан ксилема шетіне жақын орналасқан.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.