Сабақтың тақырыбы: Тарихи және мәдени ескерткіштер



Дата24.05.2023
өлшемі1,29 Mb.
#96550
түріСабақ
Байланысты:
Тарихи және мәдени ескерткіштер 10 сынып


Сабақтың тақырыбы:
Тарихи және мәдени ескерткіштер
Сабақтың мақсаты:
  • Далалық өркениеттің тарихи және мәдени ескерткіштерімен танысу;
  • Рухани қасиетті орындар және олардың маңызын білу;

Рухани қайта өрлеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылғы мамыр айында «Сакральді Қазақстан» жобасы жасалды.

  • Рухани қайта өрлеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылғы мамыр айында «Сакральді Қазақстан» жобасы жасалды.
  • Жоба ескерткіштердің рухани, құндылықтық мазмұнын тіркейді. Олар адамды өз халқының өткенімен байланыстырады.

«Сакральді Қазақстан» жобасына рухани қасиетті орындар мен сакральді нысандар ретінде мифологиямен, дәстүрлі дін мен наным – сенімге байланысты нысандар ғана емес, сондай-ақ табиғи ландшафтылар, мәдени мұра мен сәулет өнерінің ескерткіштері кіреді.

Маңызы бойынша: САКРАЛЬДІ ОРЫНДАР


Микросакральді Макросакральді

Үлгісі бойынша: 1. Табиғи ландшафтылы нысандар; 2. Археологиялық және сәулет өнерінің ескерткіштері; 3. Қасиетті діни қажылық орындар; 4. Тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты жерлер.

Тізімге жалпыұлттық маңызы бар 100 сакральді нысан енді. Ерекше құрметтелетін табиғи нысандар тобына Әулие-Ақмешіт тауы, Хан Тәңірі шыңы, Мұзтау, Шарын шатқалы, Қазығұрт тауы, Қоңыр әулие үңгірлері және т.б. кіреді

Екінші топқа ежелгі дүниенің археологиялық ескерткіштері, жерлеу орындары кіреді. Олардың ішінде: Ботай қонысы, Есік, Берел қорғандары, Тамғалы жартас суреттері, Шілікті және т.б. Барлығы 12 нысан бар. Сондай-ақ бұл топқа ежелгі және ортағасырлық Шірік Рабат, Тараз, Сығанақ, Сарайшық, Отырар, Созақ, Жент, Сауран, Сайрам қалашықтары кіреді.

Сакральді нысандардың үшінші тобын тауап ету орындары мен табыну нысандар, яғни діни және киелі орындар; кесенелер, мазарлар, жерлеу орындары, мешіттер, шіркеулер құрайды. Мысалы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Қарахан, Айша бибі кесенелері және т.б. кіреді.

Сакральді нысандардың төртінші тобын тарихи және мәдени ірі тұлғалар: Абылай хан, Есім хан, Абай Құнанбайұлы, Ф.М.Достоевский және т.б. байланысты нысандар құрайды. Сондай-ақ тарихи және саяси оқиғалармен байланысты АЛЖИР мемориалдылық кешені, Семей полигонының құрбандарына арналған «Өлімнен де күштілер» монументі кіреді.

  • Сакральді нысандардың төртінші тобын тарихи және мәдени ірі тұлғалар: Абылай хан, Есім хан, Абай Құнанбайұлы, Ф.М.Достоевский және т.б. байланысты нысандар құрайды. Сондай-ақ тарихи және саяси оқиғалармен байланысты АЛЖИР мемориалдылық кешені, Семей полигонының құрбандарына арналған «Өлімнен де күштілер» монументі кіреді.

Үй жұмысы:

  • Үй жұмысы:
  • Тарихи-мәдени, тарихи-әдеби әдебиеттердегі ақпараттарды пайдалана отырып, Қазақстанның ежелгі сакральді нысандарының бірін сипаттап жаз. Сипаттамаға аңыздар мен мифтерден мысалдар келтіріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет